Жұмыстағы жұмбақ өлім

13 Ақпан 2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінде тағы да қайғылы жағдай. Дәл осы мекеменің төртінші қабатынан 65 жастағы қызметкер секіріп, қайтыс болған еді. Бір апта араға салмай жатып осы департаменттің есепшісі жұмыста отырған жерінде қайтыс болыпты. Бірақ 25 жастағы қыздың өлімінің себебі жайлы не Ұлттық бюро, не құзырлы орган әлі күнге дейін ресми мәлімдеме жасамады. Бұл туралы 31 арна хабарлады. 

Талдықорғандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде қайтыс болған Динара Бекасылдың туыстары қыздың мойнында жіптің ізі бар деп отыр. Марқұмның нағашы ағасы Бекзаттың айтуынша, Динараның бұл мекемеде есепші болып істегеніне екі жылдай болған. Жұмысына алаңсыз кетіп, артынша өлі денесі келген қыздың өлімі жақындарына жұмбақ күйінде қалып отыр. Ал қайтыс болған есепші қыз отбасының жалғыз баласы екен.

БЕКЗАТ ҚАСТАРБЕКОВ, марқұм Динара Бекасылдың ағасы:

– Шыны керек, жалғыз қызынан айрылу оңай емес. Қазір ол кісіге ес жию, егер действительно камерасын бермей, экспертизаны ұстап тұрған жағдайда, справедливость деген болу керек, қазбалаймыз. Шындығын табамыз ғой бәрібір.

Ағасының айтуынша, Динараның мінезі өте тұйық болған. Тіпті әлеуметтік желіде отырмайтын, сөйлесіп жүрген жігіті те болмады дейді. Бұл Талдықорғандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінде болған екінші қайғылы жағдай.

Бір аптаның ішінде бұл жерден екі адамның өлі денесі шықты. «Қазсушар» мекемесінің Алматы филиалының бұрынғы басшысы тергеу барысында төртінші қабаттан секіріп, көз жұмған. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің есепшісі Динараның өлімі осы ғимаратта араға тура бес күн салып болған.

САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші:

– Ал әзірге Динараның өлімі жайлы ақпарат тек әлеуметтік желіде ғана шықты. Әзірге бірде-бір орган ресми ақпарат таратпады. Тіпті түстен кейін ақпарат береміз деген Астанадағы Ұлттық Бюроның баспасөз қызметінің қызметкерлері артынша телефонға жауап бермеді. Ал қара жамылған екі отбасы тергеудің бұрмаланбай, әділ жүргенін тілеп отыр. Өйткені екі оқиға да суицидке қатысты дейді туыстары.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика