Жұмыссыздарға пайызы төмен несие беріледі

28 марта 2017

«Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасы өзінің тиімсіздігін көрсеткендіктен орта жолдан тоқтатылды. Өйткені ол азаматтарды тек маусымдық жұмыстармен ғана қамтамасыз етуге қауқарлы болған. Яғни аталмыш бағдарламаның көмегіне жүгінген жандар белгілі бір уақыттан соң тағы да жұмыссыз қалып қойған. Енді үкімет бұл мәселені жұмыссыз жандарды бизнеске тарту арқылы шешуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.НесиеМәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа бағдарламаның дайымен таныстырды. Ол бойынша жұмыссыз азаматтар 18 млн теңгеге дейін несие алып, өз ісін бастай алады. Қаржыны банктерден алу жолдары барынша жеңілдетілген. Ол үшін қойылатын кепілзаттың жартысынан көбін мемлекет өз мойнына алмақ. Әрине бұл ақша елдің бәріне бірдей беріле бермейді. Қолынан іс келетін, кәсіпкерлікке қабілеті бар жандарға ғана табысталады.

«Кәсіпкер дефолт болған жағдайда, кепілдікті төлеу бойынша тәуекелдің негізгі бөлігі кепілдік бері жөніндегі операторға жүктеледі. Мемлекет кепілдік беру құнының 30%-ын ғана төлейді. Бұл операторларды келіп түсетін өтініштерді іріктеу кезінде сапалы жұмыс істеуіне, тиімсіз жобаларды азайтуға мүмкіндік береді», — дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Шағын несие ретінде 7 жылға 6%-бен 8 мың АЕК көлемінде қаражат беріледі. Қазір ол 18 млн теңге. Жыл сайын қалаларға 10 млрд6 елді мекендерге 27 млрд бөлінеді. Басты жаңалық, кәсібін жаңа бастағандар үшін, қаражаттың 85%-на мемлекет өзі кепіл болады. Яғни банктен несие алуға кепілзат жоқ дейтін проблеманы осылай шешу көзделген. Қаражат қалалықтарға «Даму» қоры, ауыл тұрғындарына «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы беріледі. Алдымен болашақ кәсіпкерді бір ай оқытады. Икемі болса, әрі қарай бизнес жоспар жасап, банктерден қаражат алуға жәрдемдеседі. Биыл 15 мыңдай адам осы курстан өтеді. Оған жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар мен кәсіпкерлер қатысады.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика