Жұмыскерінің үш жастағы сәбиін сабап өлтірген кәсіпкер сотталды

19 сентября 2017

Шығыс Қазақстан облысында жұмыскерінің үш жастағы сәбиін аяусыз сабап өлтірген жігіт ұзақ жылға сотталды.  Сот төрағасы кәсіпкерді айыпты деп танып, 16 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал облыстық апелляциалық коллегия мүшелері болса сотталушының шағымын қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды.  

 

Қанды оқиға ағымдағы жылдың 1 мамырында орын алған. Аягөз ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы мас күйінде жұмыскерінің үйіне келген. Осыдан соң сол үйдің үш жастағы баласына қинап арақ ішкізеді. Бұған баланың анасы наразылық танытқан екен. Бұл кәсіпкердің шамына тиіп, ол кішкентай баланы жерге алып ұрып, аяусыз сабай бастайды. Шырылдаған әйел сыртта жүрген күйеуін көмекке шақырып, екі жақтан қылмыскерді тоқтатады. Бірақ ауыр соққыдан бала өліп кеткен.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика