Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Карамзин моғол -татар шапқыншылығы туралы

1 августа 2019

Шыңғысханның тегі

Шыңғысханның тегі Соңғы жылдары Шыңғысқанның тегі туралы мақалалар баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Қоғам қайраткері Хасен Қожахметов, жазушы Бексұлтан Нұржекеев және басқа да тарихшылар Шыңғыс ханның түрік тектес моғол ұлысынан тарағанын айтып та, жазыпта жүр. Украин жазушысы Белинскийде Шыңғыс ханның моңғол емес екенін жазды. «Шыңғыс моғол екен, тегі қазақ екен» деп айтылып та, жазылып та жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ, соны қабылдап, нанып жатқан жұрт бар ма. «Мынау жөн екен» деп Қазақ елінің тарихын қайта жазып шығайық» деп жатқан ресми ғылыми тарих институты бар ма! Жоқ! Ешкім бұл жаңалыққа мән беріп, назар аударып жатқан жоқ. Қайта, «Шыңғысханның тегі адай», «Шыңғысхан қазақ емес» деген жамыраушылар да шығып жатыр. Таяуда «Ұлт.кз» порталында жарық көрген (Егемен Қазақстанда да» жарияланған екен) М.Әуезов атындағы университеттің аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Оразбайдың «Мыңжылдық құпиясының шешімі» атты мақаласын оқып едім, Шыңғысханның тегі туралы айтқан тұжырымдары көңілге қонды. Шынында да Шыңғыс хан туралы бірден- бір айқын дерек беретін ең көне жазбалардың бірі- Рашид -ад -диннің «Жамиғат ат- тауарих» екені де рас. Осы мақаланың авторы өз сөзіне қарағанда парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген көрінеді. Ең бастысы, З.Оразбай Рашид -ад -диннің «Жамиғат ат- тауарих» кітабында « маңғұл» сөзінің қолданылмағанын, жазылмағанын түбіне жеткізіп айтқан. Әңгіме Шыңғыс ханның тегі туралы жазылып жүрген мақалаларда Қытайда «Моңғолдың көне тарихының» бар екені бұрында айтылып жүрген, бірақ оның түпнұсқасы не Қытайда, не Моңғолияда жоқтығы тағы бар.. Бұл бір. Екіншіден, Шыңғыс хан тұсында «Моңғолия атты мемлекеттің, не ұлыстың» болғандығы туралы деректердің орта ғасырдағы парсы жазбаларында кездеспейтіндігі. Үшіншіден, еш шежіреде Шыңғыс ханның, не оның ұрпақтарының басып алған елдерінің өкілдерімен «моңғол тілінде» сөйлесті деген деректердің болмағандығында. Міне, осы дәйекті мәселелер З.Оразбайдың «Мыңжылдық құпиясының шешімі» атты мақаласында айтылған. Жөн- ақ. Өйткені, автордың бұл мақаласы Шыңғыс ханның тегі «моңғол» емес, «моғол ұлысынан» шыққандығына көзімізді жеткізгендей болғанды. Осы мақала авторы атап көрсеткендей,Шыңғыс хан туралы нақты дерек беретін орта ғасырдағы бірден бір айтулы еңбек ол- Рашид ад- диннің 1311-жылы жазылған«Жамиғат ат тауарих» еңбегі. (Рашид ад дин «Жамиғат ат- тауарихты» он бір жыл жазған екен). З.Оразбай « Жамиғат ат -тауарихтағы» парсы тіліндегі « моғол» ағылшын, орыс тіліне аударылғанда неге «моңғол» болып аударылып кеткеніне назар аударған. Міне, меніңшеде,әңгіменің өзегі — Шыңғыс әулеті туралы сөз болғанда ертедегі шежірелерде қолданылған «моғол» сөзі бүгінге дейінгі тарихтада қалай «моңғол» болып қалыптасып кеткені туралы.
Иә, Шыңғыс ханның тегі моңғол емес, моғолдан тарайтындығы туралы тек З.Оразбай ғана емес,басқада жазушылардың соңғы жылдары әңгіме қозғап жүргенін жоғарыда айтқан едім. Біраз жазушы, тарихшылар біршама тарихи деректерге сүйене отырып, Шыңғыс ханның тегі моңғол еместігін дәлелдеп бергендей еді. Бірақ, өкінішке орай, Шыңғыс ханның тегі туралы мәселеге Ғылым академиясы, республикамыздың тарих институты және кейбір жекелеген тарих мамандары
аса мән бермей, көлеңкеде қалдырып отырғанын теріске шығара алмаймыз.Өйткені, оның бір ғана дәлелі бар, ол -ғасырлар бойы қалыптасып қалған ғылыми канондарды бұзып, қазақ историографиясын, қайта қазақ тарихын жазып шығуда оңай іс еместігінде. Әлемдік тарих, әсіресе, Ресей тарихы түрлі қоғамдық өзгерістерді, түрлі төңкерістерді бастарынан өткерді. XX-ғасырдың бас кезіндегі революциялық төңкерістен кейінгі, орыс империясы аумағында құрылған Кеңестер өкіметі тұсында тарихтың ұмыттыратын жерін ұмыттырып, идеологияға сай өзгертіп, жаза беруге болатынын көрдік, оқыдық, түсіндік. Кеңестер одағы кезіндегі қазақ тарихы сол идеологияның аясында қысқа ғана жазылды. Ол кезде Шығыс тарихын, әсіресе, Орта Азия тарихын тереңдетіп жазу мүмкін емес еді. Әсіресе, ұлт азаттығы үшін күрескен Кенсары хан мен Алаш көсемдері туралы жазу түгілі, ауызға алудың өзі қылмыс болып саналатын.
Сондықтан, мәселенің бір басы орта ғасыр жазбаларындағы «моғол» сөзі «орыс тіліне аударылғанда неге «моңғол» деп аударылып кеткен» деген сұрақтың жауабын тауып, дәлелдеуде болып отыр. Сол себепті Ресей тарихында «моңғол» сөзі, тіркесі қай кезде, кімнің еңбегінде алғаш пайда болғанын біраз зерделедім. Осы тақырыптың өзегі ретінде З.Оразбай шығыстанушы И.П.Березиннің «Шежіре жинағы» атты еңбегінде «История монголов», «Сочинение Рашид ад дина», «История Чингисхан» атты жазбалардың бар екеніне тоқталған. Шығыстанушы И.Березин « Жамиғат ат тауарихты» 1858-жылдары аударған екен. Байқап отырғандарыңыздай, « Шежіре жинағында» бір тақырыпты Березин «История монголовЪ» деп атаған екен. Бірақ, Шыңғыс ханның әулетін «моңғол» деп атау З.Оразбай көрсеткендейі ШЫҒЫСТАНУШЫ Березиннен емес, одан әріде басталған.
«Қазақстанның тарихы» беріде, Кеңес өкіметі тұсында, марксизм -ленинизм идеологиясы негіздерінде жазылғанын біраз жұрт біледі. Кіріге айтсақ, ертеде қалыптасып қалған Ресей империясының қалыптасып қалған тарихи каноны негізінде жазылған. Яғни, қазақшалап түсіндірсек, «Қазақстан тарихы» «Ресей тарихының» тонынан шыққан. Патшалық Ресей империясының қол астында болған отар елдердің, кейін Кеңестер Одағының қол астында болған республикалардың тарихтары осы Ресей империясының тарихымен тығыз байланыстырылып жазылды.
Ендеше , біз «моғол» анықтамасының қалай және қай кезде «моңғол» болып аталып кеткенін білу үшін, түсіну үшін Ресейдің алғашқы тарихнамасы (историографиясы) мен тарихы қалай жазылып, қалыптасқан кезеңдеріне үңіліп, зерделеуіміз аса қажет.Сонымен Ресейдің историографиясының қалыптасу тарихына хал қадірімізше үңіліп көрейік.

Ресей историографиясының (тарихнамасының) дамуы

Орта Азия тарихының бастауында ХIV-ғасырда, Рашид ад диннің «Жамиғат ат- тауарих» атты еңбегінің тұрғанын еске алсақ, Ресей историографиясының іргесін қалау XVIII-ортасында, яғни, 1725- жылы патшайым Елизавета I-нің тұсында Ресей Ғылым академиясының ашылуы кезінен басталған. Ғылым акадамиясының қарқынды дамуына белгілі тұлғалар М.Ломоносов, т.б. жетекшілік жасаған. Академияда сол тұлғалардың ықпалымен химия, физика, география, тарихнама кафедралары жұмыс істеген. Орыс историографиясын дамыту үшін сол кезде Пруссиядан Байер, Г.Миллер арнайы шақыртылған. Осы Г.Миллер 1733-жылы Екінші Камчатка экспедициясына қатысып, Сібірді он жыл зерттеген. Г.Миллердің «Описание Сибирского царства» атты ғылыми еңбегі 1749- 1750-жылдары жазылған. Миллердің бұл еңбегінде Орта Азияны мекендеген ұлыстар мен рулар туралы біраз деректер,анықтамалар, зерттеулер бар. Ең қызығы, Г.Миллер осы сапарында Орта азия тарихына қатысты көп архивтік тарихи құжаттар алып келген. Орыстың белгілі тарихшысы В.Ключевскийдің жазуы бойынша, олардың ішінде фолиантпен (алтын, күміс, жібек жіптермен көркемделген мұқаба) әсемделген отыз кітап болған.Ключевский Миллердің Шығыс елдеріне қатысты осы тарихи деректі құжаттардың бәрін зерттеп, үлгермегенін айтады. Дегенмен, 1818-жылы бірнеше том болып, баспадан басылып шыққан атақты әдебиетші, тарихшы Н.Карамзиннің «История государства Российского »атты кең таралған еңбегінен XIV-ғасырдың бас кезінде жазылған Рашид ад диннің, XVII-ғасырда жазылған Әбілғазының «Түрік тарихы» атты еңбектерін осы Миллер Сібірден алып келген аривтік құжаттардан алып, пайдаланғанын байқауға болады. Мәселен, Н.Карамзин өзінің әйгілі бірнеше томдық «История государства Росийского»еңбегінің көп жерінде Әбілғазының кітабынан алынған беттерді атап көрсетіп отырады. Содан- ақ, Н.Карамзин Шыңғысхан, Батый шапқыншығы туралы жазғанда Рашид ад- диннің еңбектеріне сүйеніп жазғанын бағамдауға әбден болады.
Ал, енді Ресей Ғылым академиясы алғаш құрылған кезде историограф қызметін атқарған, Сібірге он жыл сапалап қайтқан Г.Миллер туралы әңгімеге қайта оралсақ, Миллер 1749-жылы Ресей Ғылым академиясында өтетін жиналысқа «Происхождение народа и имени российского» атты ғылыми баяндама әзірлейді. Историография ғылымы белгілі бір халықтың, ұлттың, этностың «қалай пайда болғанын, тегін, қай жақтан келгенін, тұрған жерін» анықтайтын ғылым. Тарих содан кейін жазылады. XVIII –ғасырдың ортасы орыс тарихнамасының іргесі жаңа салынып, «орыс»сөзінің , халқының қалай пайда болғаны, қайдан келгені ғылыми тұжырымдалмай тұрған кез еді. 1749-жылы Миллер Ресейдің Ғылым академиясында жасайтын «Происхождение народа и имени российского» атты баяндамасында орыстың Бастапқы шежіресіне сүйене отырып, мынандай тезистерді, яғни, « волохтар мен римляндар славяндарды Дунайдан Днепрге дейін қуған, славяндар сосын осы, бұрын финдер мекендеген жерге қоныстанды…» дейді. Миллер екінші тезисінде « «варягтар скандинав халықтарымен қандас» деген. Үшіншісінде ол- «орыс халқы варягтармен туыстас, жақын, өйткені олар(скандинавтар) орыстарға патшалар берген» деген дәлелдер келтіреді. Айта кетсек, «рос, русь» деген түсінікті атаулардың да қалай пайда болғаны туралы осы жиналыста талқыланған. Бірақ, нақты анығы Миллер мен Ломоносовтың арасында сол жиында айтыстың туындап кетуіне байланысты, бұл мәселе жеріне жеткізілмеген. .Миллердің осы жиындағы орыс елі туралы тезистері Ломоносовтың және басқада оны жақтаушылардың ашуын туғызған. «Миллердің бұл тезистері орыс тарихын басқа жолға салады, орыс халқының намысына тиеді» деген сөздер айтып, Миллердің бұл баяндамасының жариялануына тыйым салған және оны историограф қызметінен босаттырған. Дегенмен, Миллердің орыс историографиясына қатысты жазған еңбектері сәл кейінірек француз тілінде шетелде басылып шығып, ғылыми айналымға енді. Миллердің Ресейде қуғындалуының себептері мынадай. «Бұл кезде гуманитарлық ғылымдардың басын қосып, олардың дамуына зор үлес қосып жүрген М.Ломоносов историография саласында Пруссиядан келгендер қызмет істеп жүргеніне әуелден наразы еді. Босада әңгіме болғасын, Ресей Ғылым академиясының басы қасында жүрген М.Ломоносовтың әдебиет, тарих ғылымдарын дамытуда қандай ұстанымда болғанын айта кетейік. 1721-жылы Ресей Азовты өзіне қаратып, Солтүстікте Швецияны жеңгеннен кейін, держава атанды. I-Петр император атағына ие болды. Патша осы кезден бастап Орыс империясының дәрежесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат тұтқан еді. Ресей Ғылым академиясындағы ықпалды тұлға М.Ломоносов та орыс патриотизімін ұлықтауды көздеген. «Әр патша тарихты өз қалауымен жаздырады» деген ертеден қалған сөз бар. Ресей аясын кеңейтіп, держава , империя болғаннан кейін, Петр I-де, одан кейінгі Елизавета да орыс рухын көтеретін, ерліктерін көрсететін тарих жазуды ойластырған. Осы әңгіме болып отырған кезеңдегі патшайым Елизавета Петр I- туралы тарихты француз философы Волтерьге жаздыруды ойластырып жүрген екен. Патшайымды ол ойынан қайтарған патша сарайына жақын жүрген дворянин Шувалов. Осы Шувалов жаңа орыс тарихын М.Ломоносовтың жазуына Елизаветаның I- келісімін алып береді. Ломоносов Татищевпен кеңесе жүріп, «Древней история Российского» еңбегін жазып шығарды. Орыстың белгілі тарихшысы Ключевскийдің айтуы бойынша «Ломоносовтың бұл еңбегі сол кездегі орыс тарихына және историографиясының дамуына аса бір елеулі ықпал ете қоймаған». Ломоносовтың бұл тарихи еңбегіне кейінгі белгілі орыс тарихшысы Ключевский «Ломоносов приступил к обработке (осы сөзге назар аударыңыз) русской истории с тенденцией, подсказанной ему патриотическим настроением елизаветинского общества. Он хотел восполнить пробел русской истории, он хотел сделаться русскием Ливием, который «открыл бы миру древность и славу русского народа»дейді. Ключевский XIIIV- Ресей тарихының «орыс патриотизмі» рухында қалай, не себепті жазыла бастағанын осылай түсіндірген. Иә, Ресейдің тарихы (Ломоносовтан бастап, келесілері де) патшайым Елизаветаның «Россия живет для самой себя и должна все делать своими руками» деген ұстанымы негізінде жазылғанын атап өтсек болады. Ломоносовтан кейін біренеше тарихшы Ресей тарихын жазған. Солардың бірі Н.Полевойдың «История русского народа» атты еңбегі. Бұл кітап та кең тарай қоймаған. Оның басты себептері бұл аталмыш авторлар орыс тарихындағы Шыңғысханның алғаш орыс князьдіктерін талқандауының, Батый хан шапқыншылығының, орыс князьдіктерінің үш жүз жылға жуық татар -моғолдардың қол астында болуының кілтін аша алмағындығында болуы керек. Орыс историографиясындағы осы бір олқылықты толтырған историограф Герхард Миллер, оның Сібірден алып келген ШЫҒЫС ТАРИХЫНЫҢ архивтік құжаттары. Оның көптігі, әрі маңыздылығы сондай, Миллерден бұл құжаттарды Екатерина I-ші 20- мың сомға сатып алып, мұражайға сақтуаға берген. Меніңше, Миллер Сібірден әкелген өте көлемді құжаттардың ішінде Рашид ад -диннің «Жамиғат ат- тауарих», Әбілғазының «Түрік тарихы» атты кітаптары болған тәрізді. Өйткені, белгілі тарихшы Ключевский « Миллердің Сібірден әкелген архивтік құжаттарының ішінде отызға жуық «фолиант» болғанын» жазады. Яғни, бұл ХIIIV-ғасырдың аяғы. Ал, Әбілғазының кітабынан деректер келтірген орыстың әдебиетшісі, тарихшысы Н.Карамзиннің атақты он екі томдық «История государства Российского» атты бірнеше томдық кітабы Санкт Петербургте 1818-жылы баспадан басылып шығады. Карамзиннің бұл тарихы бір айдың ішінде елге тарап кеткен. Орыстың сауаты барының бәрі кезінде осы Карамзиннің тарихын оқып шыққан. Н.Карамзиннің «История государство Российского » атты еңбегі Ресейдің ертедегі тарихын, Екатерина патшайымға дейінгі тарихын көркем екшелеп шығуымен ерекшеленеді. «Көркем екшелеп шықты» дейтін себебім, кейін Карамзиннің осы тарихын сынаушылар «Карамзин жазушы ретінде «тарихты көркем тілмен жазған» деген тәрізді сын айтқан. Қалай десе де, Карамзиннің «История Российского государства» атты тарихи еңбегінде Шыңғысханның тарихын, Батыйдың Ресейге, Еуропаға жорығын, татар- моғол шапқыншылығының кезеңдерін, оқиғаларын нанымды, толыққанды жеткізген. «Ненің арқасында?» деген сұрақ туа қалса, «Ертеде жазылған Шығыс тарихи кітаптарының,құжаттарының арқасында» деп айтуға болады. Шығыс тарихы туралы құжаттарды, фолианттарды Сібірден историограф Миллердің XVIII-ғасырдың аяғында әкелгенін жоғарыда айттым. Карамзиннің өзі кітабында Әбілғазыдан мысалдар келтіріп отырғанын айттым.Н.Карамзин өзінің «История государство Российского» тарихи еңбегінде орыс шежірелерін, шығыс шежірелірін кеңінен пайдаланып, оны кітабының шетінде дерек көздерін көрсетіп отырған, бірден бір алғашқы тарихшы. Екіншіден, Карамзинді ежелгі орыс тарихынан Екатеринаға дейінгі тарихты көп томдық етіп,жазып шыққан, әрі орыстың зиялы қауымымен кезінде мойындалған бірінші тарихшы деп атауға болады. Дегенмен, патшайымдар Елизавета мен Екатеринаның « тарихты жазғанда орыс патриоттық рухын көтеруді ұмытпау керек» деген ұстанымдары Карамзиннің осы тарихи еңбегінде көрініс тапқанын айта кеткен жөн. Солай десек те, Карамзиннің «История государство Российского» кітабынан XIII-ғасырдан басталып, XVI-шы ғасырға дейін созылған татар- моғол басқыншылығы туралы біраз шынайы деректерді көруге болады. Оның нақты себебі- Батыс және Шығыс тарихына қатысты жазба мол құжаттардың Миллер, Щербатов,Новиков тәрізді жеке тұлғаларда сақталып қалуына байланысты болуы мүмкін. XVIII-ғасырдың аяғына дейін Ресей историографиясын дамыту мақсатында өте көлемді жазба құжаттар жиналған. Бірақ солардың көпшілігінің 1812-жылы Наполеон Мәскеуді өртеген кезде жоғалып кеткенін айтады.
Сонымен, жоғарыда бастаған тақырыбымызға қайта оралсақ, Н.Карамзиннің 1227-1229-жылы басталған орыс жеріне татар моғол шапқыншылығының тарихын бастан аяқ жазған алғашқы тарихшы екенін айттым. Яғни, Карамзиннің «История государства Российского» атты тарихында Шыңғысханның тарихын жазғанда да, Батый туралы жазғанда да, «Алтын орда» тарихын жазғанда да «моңғол» деген сөздің, анықтаманың қолданылмағанынын атап көрсеткім келеді. Оны Сіздердің алдарыңызда дәлелдеу үшін, Карамзинның «История государства Российского» тарихынан Шыңғысхан және Батый хан туралы жазғандарынан төменде шағын үзінді келтіремін. Карамзиннің бұл кітабы ескі орыс ғаріптерімен жазылған, дегенмен бүгінгі оқырманға да түсінуге болады.

Карамзиннің Шыңғысхан туралы жазғаны (үзінді)

Н.Карамзиннің «История государства Российского» атты тарихи еңбегі он екі томнан тұрады. Ол ертегдегі кирилл ғарпінде, ертеректегі славян диалектісінде жазылған. Соған қарамастан, Карамзиннің сөзінің мәндерін түсінуге болады. Сондықтан мен оқырмандарға Карамзин осы Ресей тарихын жазғанда, оның ішінде Шыңғысхан мен Батый туралы жазғанда «моңғол» деген сөзді, яки мұндай тіркесті қолданбағанынын дәлелдеу үшін , Карамзиннің Шыңғысхан мен Батыйдың Орыс жеріне шапқыншылығы туралы жазғандарынан сол күйінде үзінді келтіремін. Карамзиннің Шыңғысхан туралы түсініктемесі «История государства Российского» еңбегінің III-томының VIII- тарауынан басталған.Бұл тарау татар- моғол басқыншығының басталған кезі 1224-1238- жылдарды қымтиды. Сонымен Карамзиннің Шыңғысхан туралы жазғаны:
«Въ нынънешней Татаріи Китaйский,на Югъ отъ Иркутской Губернъи, въ степъях неизвъстныхъ ни Грекамъ, ни Римлянамъ, скитались Орды Моголовъ,единоплеменныхъ съ Восточными Турками.Сей народъ….зависелъ отъ татаръ Ніучей, господсвовавшихъ въ съверной части Китая. Но около XII-века усилился, и началь славиться побъдами.Ханъ его, именем Езукай Багадуръ, завоевалъ нъкоторыя области сосъдственныя и скончавъ дни свои въ цвътущих лътах, оставилъ наслъедіе тринадцатълетнему сыну Темучину….Всъ особенные начальники Могольскихъ и Татарскихъ Ордъ добровольно или отъ страха покорилисЬ ему….Въ то время, как многочисленное войска Могольское расположенное въ девяти станахъ близ источниковъ ръки Амура, под шатрами разноцвътными, съ благовъниемъ взирало на своего юнаго Монарха, ожидая новыхъ повелъеній, явился там какой то святый пустынникъ, или мнимый пророкъ и возвъстилъ собранію, что богъ отдаетъ Темучину всю землю,и что сей Владътелъ міра должен впредъ именоваться Чингисханом или Великим Ханомъ. Воины , чиновники единодушно изъявили ревность быть орудіями воли небесной. Народа слъдовали их примъру. Киргизы южной Сибири и славные просвещением Игуры или Уйгуры обитавшие на границах малой Бухары назвалися подданными Чингисхана….
(Карамзин әрі қарай Шыңғысханның Қытайды , Персияны, Хорезм мен Бұхараны ,Хиуаны, Каспий бойындағы аландарды, дағыстанды, яссыларды, капказдың солтүстігін, Қырымға дейін мекендеген половецтерді (қыпшақтарды) қалай бағындырғанын тәптіштеп айта келіп, Шыңғысханның басты әскерінің Калька өзені бойында орыс княздерін қалай ойсырата жеңгенінде жақсы суреттеген).Әрі қарай тағы Карамзиннен үзінді. Бұл Шыңғысхан әскерінің Орыс әскерін Калка өзенінен сонау Днепрге дейін қуып, жеңгені туралы сөзі.
«Полководцы Чингисхановымъ остермененные сопротивленіемъ великодушного Мстислава Кіевского и вспомнить убіеніе своихъ Пословъ въ нашемъ станъ, Моголы изрубили всъхъ Россіянъ, трехъ Кньязей задушили подъ досками и съли пировать на ихъ трупахъ. Таким образомъ заключилась сія первая кровпролитиная битва нашихъ предков съ Моголами, которые , по извъстію Татарского Историка…»деп әрі кете береді.
Он жыл бойы жазылған Карамзиннің он екі томдық «История государства Российского» кітабын толық шолып шығу біздің қазіргі міндетіміз емес, дегенмен, қазақтың келешек тарихы үшін маңызды тағы бір жазғандарынан мысал келтіре кетейік.
Карамзиннің келесі сөзі: «Послъ несчастной Калкской битвы Россіяне лът шесть не слыхали о Татарахъ, думая сей страшный народъ, подобно древнимъ Обрамъ, как бы исчезъ в свъте. Чингизханъ совершенно покоривъ Тангутъ, возвратился въ отчизну и скончалъ жизнь славную для Исторіи, ужасную и и ненавистную для человъчества , въ году, объявив наслъдникомъ своимъ Октая или Угадая, старшего сына, и предписавъ ему давать миръ одним побежденнымъ народамъ. ….Октай(Угадай) жил въ глубинъ Татаріи…Новый Хань воиновъ Батыйю, своему племяннику, и велълъ ему покорить съверные берега Каспійского съ далънейшими странами. Сіе предпріятие ръшило нашего отечества. Уже въ 1229-году какіе то Саксины въроятно съ Киргизами, Половцы и стража Болгарская отъ берегов Яика гонимые Татарами или Моголами, прибъжали въ Болгарию, съ извъестіемъ о нашествіи сихъ грозныхъ завоевателей…..»
Тарихшы Н.Карамзин бұл кітабында әрі қарайда Батыйдың Ресейдің көптеген қалаларын қалай басып алғанын, Литваны, басқа да Еуропа жерлерін басып алғанын айтады.
Осы жерде Карамзиннің татар -могол әскеріне өте жоғары баға бергені туралы өз сөзімен айта кетсек, артық болмас.
Карамзин: «..Впрочемъ Моголы славились и храбростію, вселенную въ нихъ умомъ Чингисхана и сорокалътним побъдами. Не получая никакого жалованья,любили войну для добычи, перевозили на волахъ кибитки и семейства, женъ, детей и вездъ находили отечества, гдъ пастися ихъ стадо.»
Карамзиннің осы тарихының II-томының VIII-тарауының аяғында «МОҒОЛДАР» туралы тағы мынадай керемет сөз бар.
Карамзин: «Моголы вообще, любили художниковъ, объзанные симъ новым для нихъ вкусомъ мудрому правленію бессмертного Иличутсая, о коемъ мы выше упоминали, и который , бывъ долгое время министромъ Чингисхана и преемника его, ревностно старался образовать ихъ подданныхъ. Спась жизнь многих ъ ученых китайцевъ,основалъ училища, вмъстъ съ Математиками, Арабскими, Персидскими сочиниль календарь для Моголовъ, самъ переводилъ книги, чертиль географическія карты. Покровительствовалъ художниковъ, и когда умер то завистники сего великого мужа, къ стыду своему, нашли у него , вмъсто предпологаемыхъ сокровищъ, множество рукописныхъ твореній и наукъ править Государствомъ, Медицинъ, и земледъліи.»
Н.Карамзиннің 1818-жылы соңғы 12-томы жарыққа шығып, Ресей елі арасында кең танымал болып кеткен «История госудаство Российского» еңбегі Ресей тарихын он екі томға енгізген ең алғашқы ауқымды тарихи еңбек еді. Карамзинның бұл еңбегін кезінде орыстың ұлы ақыны А.Пушкин де жоғары бағалаған.
Бірақ, Карамзинның осы «История государства Российского» тарихи кітабында Шыңғысхан туралы, Батый туралы, Татар -моғол шапқыншылығы туралы жазған тарауларында бірде бір «МОҢҒОЛ» сөзін яки, анықтамасын қолданбағанын атап көрсеткім келеді.
Ендеше, «моңғол» сөзі, не тіркесі қалай, және қай кезде пайда болды» деген орынды сұрақтың туындауы орынды. Енді мен келесі тақырыпта соған жауап беремін.

РЕСЕЙ ТАРИХЫНДАҒЫ «МОҢҒОЛ» ТІРКЕСІНІҢ АЛҒАШ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Жоғарыда Түркістан университетінің оқытушысы З.Оразбай Рашид ад -диннің «Жамиғат ат- тауарих» атты еңбегін парсы тілінен 1858-жылы орысшаға аударғанда И.Березин «моғол» сөзін «моңғол» деп аударып жібергенін айтады.Мұның өзіндік себептері бар еді, өйткені,историография заңдылықтары бойынша, кез келген тарихшы, аудармашы өзінен бұрынғы жазылған тарихи еңбектерді зерделейді, салыстырады және өзіне дейінгі тарихта қалыптасқан тарихи ізбен (канонмен) жүреді. Березин өзінен бұрын жазылған С.Соловьевтің тарихын қарап шыққан.Соның еңбегінде «моңғол»деген тіркесті көріп, Рашид ад диндегі «моғол» тіркесін, «моңғол» деп аударып жіберген.
Жалпы, Карамзиннен кейін Ресейдің көп томдық тарихын жазып шыққан белгілі тарихшы С.Соловьев. Ол 1851-жылы «История России с древнейших времен» атты еңбегін жарыққа шығарды. «Моңғол» тіркесі бұрын соңды жазылған орыс тарихында алғаш рет осы Соловьевтың «История России с древнейших времен» атты көп томдығының III-томының III-тарауында «От Батыева нашествия до борьбы между сыновьями Александра Невского» атты ғылыми монографиясының ең соңында ғана қолданылған. «Бір ауыздан шыққан сөз қырық ұлысқа тарайды» деген мәтел бар, Көп томдық Ресей тарихын жазған Соловьевтың өзі «моғолды» «моңғол» деп жазып отырса, басқаға не жорық. Соловьевтың «История России с древнейших времен» атты көп томдығы шыққаннан кейін, жеті жылдан кейін Рашид ад -диннің шығармасын аударып отырған Березин орыс тарихында енді қалыптасып қалған «моңғол» тіркесін өзгертуге, Рашид ад- динде жазылғандай «моғол» деп аударуға мүмкіндігі де, еркі де болмас еді. Өйткені, патша Петр I-ден, патшайым Елизаветадан бастау алатын «орыс патриотизімін көтеру» туралы саяси ұстаным солай еді. Осы күнгі орыс тарихи ғылымының докторы С.Маловичко сол кездегі тарихтағы ұстаным туралы «В России первую очередь , именно у Ломоносова мы находим желание организовать определенную русскую память» дейді. Маловичко атап көрсетіп отырған «русскую памятьты», кезіндегі тарихшылар орыс рухын көтеру үшін, сол патриоттық рухты көтеру үшін Ресей тарихын жаңа ізге, жаңа канонға салды. Мұндай жағдайда, бұрын Карамзинде қолданылған «моғол» тіркесі ғана емес, көп сөздер, көп оқиғалар өзгеріске түсті, тіпті боямаланды. Сөйтіп, Ресей историографиясы мен тарихы XVIII- ғасырдың аяғында, XIX-ғасырдың басында Петр I-ші, Елизавета I-ші және одан кейінгі патшайым мен патшалар қалағандай , орыс патриотизмін ұлықтаға міндетті болды. Ашып айтсақ, оның салдары отар елдердің тарихында бұрмалауға соқтырды.
XVIII-ғасырда, орыс историографиясы мен тарихы енді дамып келе жатқан кезде, Шыңғысхан мен Батый шапқыншылығы туралы жазған тарихшылар тек «Татар моғол»шапқыншылығы деп жазғанын оқырмандардың естеріне тағы түсіру үшін, мен атақты тарихшы Карамзиннің «История государства Российского» кітабындағы Батый шапқыншығы туралы жазған ( III-том, VIII-тарауынан) суреттемелерін мысалға қысқа- қысқа үзiнділер келтіре кетейін.
Карамзин (көп нүктелі жерлерді қысқартқан менмін):
«…Но Батый шелъ громить южные предълы нашего отечества. Взявъ Переяславль,Татары опустошили его совершенно…Татары сожгли Черниговъ…Уже Батый давно слышалъ о нашей столицъ Днъпровской, ея церковныхъ сокровищахъ и богатствъ и богатствъ людей торговыхъ….Внукъ Чингисхана именемъ Мангу, былъ посланъ осмотретъ город Кіевъ.Увидель его с лъвой стороны Днъепра и по словамъ лътописцевъ, не могъ надивиться красотъой оного…. Рязани, Владиміра столь многихъ иныхъ городовъ, свидътельствовали грозную силу МОГОЛОВЪ, дальнъйшие упорства казалось бесполезнымъ….
Скоро все ужасная сила Батыева какъ густая туча , съ разныхъ сторонъ облегла Кіевъ.Кіевляне узнали, что самъ Батый стоитъ подъ стънами Кіева со всеми Воеводами Могольскими. Что знатнъйшие из нихъ суть Гаюка (сын ъВеликого Хана),Мангу, Байдарь (внуки Чингизхановы), Орду, Каданъ, Судай Багадурь и др…»

Енді Батыйдың Ресейге, Еуропа жеріне шапқыншылығын Карамзиннің сөзімен тағы бір оқып көрейік.
Карамзин ( том тараудың аяқ жағындағы сөз):
«Батый завоевавъ многія области Польскія,Венгрію, Кроаецію, Сербію,Дунайскую Болгарію, Молдавію,Валахию и приведшивъ ужасъ Европу, вдругъ, къ общему удивленію, остановиль бурное стремленіе МОГОЛОВЪ и возвратился къ берегемъ Волги.Тамъ именуясь Ханомъ, утвердилъ онъ свое владычество надъ Россіею,землею Половецкую,Тавридою, странами Кавказскими и всъми от устья Дона до ръки Дуная. Никто не дерзалъ ему противиться. Народы, Государи старались смягчить его смиренными посольствами и дарами. Батый звалъ къ себъ Великого князья. Ослушаніе казалась Ярославу неблагоразуміемъ въ тогдашнихъ обстоятельствахъ Россіи, безлюдной, полный развалинъ и гробовъ, Презирая собственную личную опасность, Великий Князь отправился со многими боярами въ станъ Батыевъ, а сына своего, юного Константина, послалъ въ Татарію, къ Великому Хану Октаю, который въ сіе время, празднуя блестящія завоеванія Моголовъ въ Китаъ и Европъ, угощая всъехъ старъшинъ народа.Никогда по сказанию Историка татарского, миръ нъ видалъ праздника столъ роскошного, ибо число гостей было несмътно….»
XVIII-ғасырдың аяғына таман Сібірде он жыл жүрген орыс историографы Г.Миллер «сол жақтан Рашид ад диннің «Шыңғыс хан тарихы» атты еңбегі мен Әбілғазының «Түрік тарихы» атты еңбектерін алып келді» деген сөзіміздің дәлелі болуы үшін, мен Н.Карамзиннің «История государства Россииского» атты он екі томдық еңбегінің IV-томындағы III-тарауында Әбілғазы туралы айтқан жерін мысалға келтіре кетейін:
«…Великое Княжъние Суздальское было спокойно, то есть, рабствовало въ тишинъ, инародъ благодарилъ Небо за облегченіе своей доли, которое состояло въ томъ, что преемникъ Хана или Царя Берки, братъ его , именем Мангу Тимуръ, освободилъ Россіянъ отъ насилія откупщиковъ Харазскихъ. Историкъ Могольскій АБУЛЬГАЗЫ хвалить Тимура за его острый умъ,но умъ не смягчалъ въ немъ жестокого сердца, и память сего Хана запечатлъна въ нашихъ лътописъяхъ кровію доброго сына Олегова, Романа, Князья Рязаньского, принявшего въ Ордъ вънец Мученика…»
«Түрік тарихының» авторы Әбілғазының есімін Карамзин өз тарихында осылай бірнеше рет атап көрсеткен.
Сонымен, «қырық ауыз сөздің бір түйіні»ретінде айтпағым- орыстың алғашқы он екі томдық тарихын жазған атақты тарихшы, жазушы Н.Карамзин «История государства Российского» еңбегінде Рашид ад -диннің, Әбілғазының жазбаларын дерек көзі ретінде кең пайдалана отырып, Шыңғысханның тегі туралы, Батыйдың шапқыншылығы туралы, Алтын орда тарихы туралы бірнеше тарауда сөз қозғаған. Сөздің тоқ етерін айтсам, Карамзин осы көп томдық тарихының бір жерінде «МОҢҒОЛ» тіркесті қолданбаған. Карамзиннің он екі томдық тархының III-томының жарымы, сосын IV-томы осы Шыңғысхан тарихынан басталып, Алтын орданың құлауынан кейінгі тарихқа арналған.Сол тарихтың басынан аяғына дейін бірде «татар», бірде «моғол» деген тіркес қана қолданылып отырған. Сөз аяғында айтарым, патшалық Ресей тарихында «Моңғол» деген тіркестің кейін пайда болғанын, Кеңес өкіметінің қайта жазылған тарихында бұл тіркес нығая түсіп, отар елдердің тарихын адастыра түскенін біршама дәлелдеген тәріздімін.Яғни, Шыңғысханның тегі ешқашан «моңғол» болған емес.Өткен тарихтағы осындай қолдан жасалған өзгерістер саяси бұрмалаушылықтан, Ресей тарихын патриоттық рухта жазу керек болғандықтан, бұрын отар елдердің әлемдік деңгейде ұлы миссия атқарғандығын келер ұрпаққа білдірмеу үшін істелген саясат нәтижесі еді.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика