Жұмабек Ташенев жүлдесіне арналған «Жылдың үздік ақыны» облыстық жыр мүшайрасы

19 октября 2018

Афиша2015 жыл 25 желтоқсан күні сағ. 14.00 де Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар Сарайында Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтына қорған болған ұлы тұлға» атты салтанатты кеш өтеді. Жұмабек Ташеневтің жүлдесіне арналған жас ақындардың арасында «Жылдың үздік ақыны» анықталатын облыстық жыр бәйгесінде, сондай-ақ «Жылдың үздік жазушысы» мен «Жылдың үздік айтыскер ақыны» және «Жылдың үздік қайраткері» анықталып, оларға жүлделер табысталады.
Туған елін, туған жерін қорғауда ерекше ерлік көрсетіп, ұланбайтақ жерімізді ұрпаққа аман сақтап қалу жолында басын бәйгеге тіккен Алаштың біртуар перзенті, қазақ халқының қаһарманы Ташенев Жұмабек Ахметұлының өнегелі істерін, қайраткерлік жолын, асыл мұрасын дәріптеу. Ұлттық поэзиямызды насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру мақсатында ұйымдастырылады.
Кештің қонақтары: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекттік сыйлығының иегері Қойшығара Салғара және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекттік сыйлығының иегері, мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан. Жыр кешіне әйгілі ақындар халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерлері Серік Ақсұңқарұлы, Абзал Бөкен, Қойлыбай Асанов пен Серік Сағынтай және халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаттары Ержан Базарбеков, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркеновтер қатысады. Жыр кешінде «Тоқырауын толқыны» ансамблі әннен жыр шашу шашады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташенев жүлдесіне арналған «Жылдың үздік ақыны» анықталатын 35 жасқа дейінгі жас ақындардың облыстық жыр мүшайрасын өткізу
Е Р Е Ж Е С І

Мақсаты мен міндеттері:
Туған елін, туған жерін қорғауда ерекше ерлік көрсетіп, ұлтарақтай жерімізді ұрпаққа аман сақтап қалу жолында басын бәйгеге тіккен Алаштың біртуар перзенті, халқымыздың қаһарман ұлы мемлекет және қоғам қайраткері Ташенев Жұмабек Ахметұлының өнегелі істерін, қайраткерлік жолын, асыл мұрасын дәріптеу. Ұлттық поэзиямызды насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру.

Өткізілетін күні: 2015 жыл 25 желтоқсан күні сағ.14.00 де
Өткізілетін орны: Қарағанды қаласы,
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Жастар Сарайы
Сайыс төмендегі шарттар бойынша өтеді:
1. Жас ақындар сахынада өздерінің ең таңдаулы өлеңдерін ұсына алады.
2. Мүшайра үлгісінде өтетін бұл сайысқа түсетін ақын өз туындысын сахнада оқуы шарт.

Сайысты өткізу тәртібі:
1. Сайысқа Қарағанды облысының 35 жасқа дейінгі жас ақындары қатыса алады. Олардың өлеңдері бұрын-соңды аймақтық, Республикалық басылымдарда жарық көруі міндетті.
2. Сайысқа қатысушыларға демеуші болам деушілерге шек қойылмайды. Кез-келген ұжым ұйымдастыру комитетінің келісімімен арнайы сыйлық тағайындауға құқылы.
3. Жүлдегерді сайысқа қатысушы ақындар өздері анықтайды. Олар жасырын дауыс беру арқылы шешіледі.
4. Белгілі ақын-жазушылардан құралған сарапшылар құрамының пікірі назарға алынады.

Сайыскерлерге қойылатын талаптар:
1. Жыр бәйгесіне қатысушы ақын өз шығармасын өткізілетін күнге дейін, яғни бір күн бұрын алдынала жіберуі тиіс;
2. Қатысушы ақынның өлеңдері бұрын-соңды облыстық, аймақтық, Республикалық басылымдарда жарық көруі керек және өз аудан, қала немесе оқу орындарынан іріктеуден өтіп келуі шарт;

Сайыс бір кезеңнен тұрады:
— Сайысқа қатысушы ақындар жүлдегерлерді өздері анықтайды.

Ынталандыру:
Жеңімпазға және жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады жәнеұйымдастырушылар жылдың үздік ақынының жыр кітабын шығарып береді.
Сондай-ақ «Жылдың үздік жазушысы» мен «Жылдың үздік айтыскер ақынына» және «Жылдың үздік қайраткеріне» де жүлделер табысталады.
Қосымша мағлұматтар: Іс сапар шығынын жіберуші есебінен қарастырылады. Өтініштер облыстық «Арқа» айтыс ақындары мектебіне (жетекшісі А.Жұмағұлов) 23 желтоқсанға дейін жіберіледі:

Байланыс телефоны: 87019796601,

E-mail: aitbai_mumin@mail.ru

«Қасым — ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика