Жүк көлігінің астына түскен жеткіншек қаза болды

4 августа 2017

Павлодарда жүк көлігі 17 жастағы баланы басып, жасөспірім сол жерде тіл тартпай кетті. Қайғылы оқиға қалаға қарасты Ленин кентінде болған. Жасөспірім жол бойындағы қоршауларды орнататын компанияда нәпақасын тауып жүрген екен.

Жанындағы бірнеше жұмысшымен жүк көлігінің астына кіріп тамақтанған оларды жүргізуші аңғармай қалып, жүріп кетіпті. Екі жұмысшы сыртқа шығып үлгерсе, бозбала салмағы он тоннадан асатын техниканың астында қалып қойды. Ал оны абайсызда басып кеткен жүргізуші қазір тергеліп жатыр. Полицейлер кәмелет жасына толмаған баланы еш құжатсыз жұмысқа алған компания басшысын да жауапқа тартқызамыз деп отыр.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бірінші қылмыстық іс көлікті жүргізушіге қатысты жол ережесін бұзғаны үшін. Екінші қылмыстық іс осы қаза болған балаға жұмыс берген кәсіпорын басшысына қатысты.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика