Жолға таласқан көлік жүргізушілері тал түсте төбелесіп қалды (видео)

14 Қыркүйек 2017

Шымкентте әлденеге келіспей қалған ер азаматтар тура жол ортасында төбелесіп қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz»ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған ақпаратта бұл оқиға Наурыз мөлтекауданында орын алған. Жария етуші желі қолданушысының айтуынша, нөмірі 4-ші қоғамдық автобус мен жеңіл көлік жүргізушілері арасында жанжал туған. Соңында ер кісі қарсыласын бетінен шапалақтап, содан соң тепкінің астына алады. Арада ер әйел оларды ажыратпақ болады. Мұны көрген желідегілер адамдардың тіптен қатал болып бара жатқанынына, қит етсе жұдырығын ала жөнелетініне ашынды. Ал кейбірі бүгінде қоғамдық автобус тізгіндегендер тіптен дандайсып, білгенін жасап жүр деп ашуланды. «Автобустағы жүргізушілер де, кондукторларлары да құтырып кеткен. Үлкенді үлкен демейді, кішіні кіші демейді, жолдың бәрін солар сатып алғандай басып, бір-бірімен жарысып, адамдардың өмірін ойыншыққа айналдырды» деп жазды желідегілер.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика