Жолаушымен төбелескен  автобус жүргізуші наразылық туғызды (видео)

29 апреля 2017

Алматы қаласындағы қоғамық көліктердің бірінен тағы да шу шықты. Автобус жүргізушісі жолаушы жігітпен жаға жыртысып, аялдамада аяусыз төбелескен. Олардың бұл әрекетін куәгерлер бейнекамераға түсіріп алыпты.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушы жігіт автобуста ұялы телефонын ұрлатып алған. Осыдан соң көлік жүргізушісіне барып, көмек сұрайды. Алайда ол жолаушыға боғауыз сөзбен жауап беріп, автобустан түсіп қалуын талап етеді. Осы кезде дауға кондуктор араласып, жолаушы жігітті ұрып жіберген. Ол қорғану мақсатында кондукторды итеріп жібереді. Дәл осы тұста жанжал туындап, автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесіп қалған. Куәгерлер қанша ажыратуға тырысқанымен, олар ешкімді де тыңдамайды. Бұл Алматы автобусында орын алған алғашқы келеңсіз оқиға емес. Осыған дейін мүгедектерді басынған кондукторлар туралы ақпарат тараған болатын.  

Bus Driver VS Passenger ??? Цитируем Отправителя: «26.04.2017 стала свидетелем драки между водителем автобуса (23 маршрут) и пассажира. По обрывкам из их разговора я поняла, что пассажир потерял телефон и попросил водителя о помощи. Водитель начал кричать, нецензурно выражаться, оскорблять и унижать пассажира. Попросил матом выйти пассажира, получив отказ резко и сильно дернул автобус, люди попадали. Пассажир вышел из автобуса, кондуктор подошла и несколько раз его ударила и он её оттолкнул. Водитель автобуса вышел и началась сильная драка, еле смогли их размять. В итоге взвинченый водитель сел за руль и поехал, абсолютно игнорируя правила дорожного движения и не соблюдая скоростной режим. Я конечно все понимаю, но могли пострадать пассажиры, пешеходы и автовладельцы. Если можно,анонимно» ??? #instavideo_kaz Гос номер автобуса: 434 dxa 05

Публикация от instavideo_kaz ? (@instavideo_kaz)


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика