Жолаушы жігіт такси әйелді зорлап кеткен

2 июня 2017

Көкшетауда такси жолаушысы көлік рөлінде отырған әйелге тап беріп, оны зорлаған деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Бұл туралы  Sputnik Казахстан хабарлады.

Жәбір көрген әйелдің айтуынша, 31 мамыр күні түнде жас жігіт қаланың орталығында таксиге мінеді. Жолаушының талабы бойынша ол тұрғын үйлерден алыс жерде көлігін тоқтатқан.

Осы жерде қаскөй оған жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасайды. Әйел бас тартқан соң ол бас салып, зорлаған. 

Әйел алған жарақаттарға қарамастан қашып құтылып, полицияға барады.

Бірнеше сағат ішінде әйел суреттеген ер адамға ұқсайтын күдіктілер анықталған. Олардың ішінен жәбірленуші өзіне тап берген жігітті таниды.

25 жастағы күдікті бұрын ауыр қылмыс үшін сотталған болып шықты. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика