Жоламан Әйткеннің жыр кеші өтті

27 Қараша 2017

Қазақ әдебиетіне жалпы өнердің поэзияның сахнасына жаңа бір ақын келді. Ол жай келмеді Құлагерше құлашын кеңге жая келді.

Қасымша айтар болсақ:

«Ей, такаппар дүние,

Мағанда бір қарашы.

Танымасаң танып қой,

Мен қазақтың баласы»,деп келді.

М.Жұмабаевтың «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады.» деген өлеңінің өзі философиялық тұрғыдан алып қарасақ осыны аңғартып тұр емес пе? Міне, төсінен Алты алашқа аттары машһүр болған, қазақтың талай марқасқаларын тәрбиелеп өсірген Баянауыл топырағы бүгінде Жоламан Әйткен Төлеутайұлын қиясынан қиқулата ұшырды. Қанатын кеңге жайып, көк аспанды әуелей қалықтап ұшқан Жоламан Әйткен Алматы қаласында жарыққа шыққан «Баян жыр» атты кітаптың тұсаукесеріне барып қайтты.

Бұл кітаптың ішіне Астана, Алматы, Қарағанды,Павладар қалаларында жүрген Баянауылдық жас ақындардың жырлары еңгізілген болатын. Соның бірі һәм бірегейі Жоламанның да жырлары кітап төрінен ойып тұрып орын алды. Аталмыш жыр жинақ кітабының құрастырушысы Баянтау газетінің тілшісі Еламан Қабділәшім.

Бұл туындының тұсауын ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Аманхан Әлімұлы, «Балдырған» журналы редакторының орынбасары Байбота Қошым-ноғай, ақын Кәдірбек Құныпияұлы кесті. Қуанышты жаңалық осымен тарқамамай арқа төсінде ҚарМУ-дың филология факультетінде Жоламан Әйткеннің «Жүрек кілті» атты жыр кешімен жалғасын тапты.

Жоламанның төрт тұяғын тең басып тұрған жырлары оның оқырмандары мен жиналған көпшілікті бір серпілтіп тастады. Қолына қалам алып бес сөздің басын құрағанның бәрі ақын емес, ал, Жоламан болса нағыз ақын.! Жауһар жырларымен оқырманына ой сала білді, «халтурщик» деген аттан ада болды. Бұл кешке аттары поэзия төрінен кеңінен орын алған арқаның айбоз ақындары келді. Тұрсын Жұмаш жырлағандай

«Көгершіндер сап түзеп ұшты бәрі,

Пері қарсы тұрып ап ысқырады.

Құлазыған көңілге бірде бір ем,

Өлең деген керемет күшті дәрі.»,-деп кешке жиналған дүйім жұрт Жоламан Әйткеннің жүрек жарды жырларын тыңдап, құлазыған көңілдерін жырмен емдеп қайтты.

Бек Ноғайбайұлы

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика