Жол ортасында пышақтасқан жігіттер жұртты шулатты (видео)

9 октября 2017

Әлеуметтік желіде жол ортасында пышақтасқан жігіттердің видеосы жарияланды. Болжам бойынша, оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында орын алған болуы мүмкін, — деп хабарлайды Qasym.kz

Видеода жол ортасында жатқан жігітті қарсыласы тепкінің астына алғаны көрініп тұр. Оның қолында пышақ бар. Ал өзге жігіттер болса төбелескендерді ажыратып әлек болуда. Бірақ ол ешкімге күш бермей, қарсыласын үш жерден пышақтап тастайды. 

Әзірге төбелестің неден туындағаны белгісіз. Олар жолға таласып қалған болуы мүмкін. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика