Жол апатында отбасынан айырылған жігіт сотта жылап жіберді

30 сентября 2017

Жамбыл облысында жол апатына себепкер болған той кортежіндегі көлік жүргізушісіне қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

КТК жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, жоғары жалдамдықпен келе жатқан «Гелендваген» «Лада» жеңіл көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде бір отбасы түгелдей өмірден өтті. 27 жастағы жүргізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ әйелі, баласы және немересінен айырылған отағасы қандай жағдай болмасын қылмыскерді бұдан да ауыр жаза күтіп тұрғанына сенімді болды.

«Мен сізді ақтық демім таусылғанша қарғап өтетін боламын. Сіз менің әйелімді, баламды, немеремді өлтірдіңіз. Сіз… Сіз мені өлтірдіңіз. Жақсы, жақсы. Мен шығайын! Мұның бәрі өтірік, әрі қарай отыра алмаймын!», — деді көз жасына ерік берген Агапаша Амрулаев.

Қайғылы оқиға ауыл тұрғындарының есінде мәңгіге қалып қойды. Куәгерлер кортеж бір ауылдан қалыңдықты алып, келесі ауылдан өзге қонақтарды алуға жөнелген. Көліктің жартысы озып кеткен, ал екі «Гелендваген» кешіккендіктен, алдағы көліктерге тез арада жетіп алуды көздеген. Қайғылы оқиға сол уақытта орын алған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жол талғамайтын көлік «Ладаны» 50 метрге дейін сүйреп әкеткен. Екі жасар қыз бен 55 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оның бірі алты айлық сәбиге жүкті болған отбасының келіні еді. Оқиға орнына бірінші болып отағасы келді. Оның 23 жастағы ұлы алғашында тірі болған.

«Ол орындықта отырған. Оның көкірек қуысы сынған. Көмейі сынған. Бауыры жарылған, бүйрегі жыртылған, ішінде сау дүние қалмаған. Солай бола тұра ол маған тесіле қарады да, күлді. Менімен қоштасты. Ал мен мұны білмегенмін. Менімен қоштасып жатқанын аңғармаппын да…», — деді әкесі.

Ал айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Мен тек кешірім сұраймын. Кешіріңіздер, өтінемін. Дәл осылай болғанын қалаған жоқпын», — деді «Гелендвагенді» басқарған Нұрболат Шолпанқұлов.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика