Жоғалып кеткен 13 жасар қыздың жігіт үшін үйден қашқаны анықталды

16 июля 2017

Павлодарда жоғалып кеткен 13 жасар қыз табылып, ата-анасына қайтарылды. Бұл туралы sputniknews.kz агенттігіне  Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлаған.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 12 шілде күні Павлодар қалалық ІІБ-не кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жоғалғаны туралы оның ата-анасы хабар береді. Олар қызының ренжісіп, үйден кетіп қалғанын, содан бері қоңырауға жауап бермегенін түсіндірген.

Қызды іздеуге облыстың ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамына бағыттама берілді. Оларға «Добряки Павлодара» еркітілер тобы да жәрдемдескен.

Полиция анықтағандай, қыз бала өзінен он жас үлкен жігітпен сөйлесіп жүріпті. Ата-анасы қарсы болып, одан аулақ жүруді талап еткен. Жедел қызметкерлер арнайы құрылғылардың көмегімен қыздың ұялы байланысына қосылады. Жасөспірім қоңырауға жауап бермегенімен, ВКонтакте әлеуметтік желісіне қосылып отырады. Түскен ақпарат жедел тексерілген.

Ерікті Асхат Құстәулетов әлеуметтік желіде қыздың танысымен сөйлесіп, ақыры жасөспірімді үйге қайтуға көндіруге иландырады.

Жасөспірім ерікті және полицейлермен алдын ала белгіленген жерде кездеседі. Қыз өкінетінін айтып, туған-туыстарын қатты сағынғанын жеткізеді, бірақ ата-анасының алдында өзін кінәлі сезінгендіктен, қайтып оралуға дәті бармапты. 

Ювеналды полиция өкілдері жасөспіріммен тәрбиелік мақсатта әңгіме жүргізді. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика