Жігіт өзіне қарамаған қызды көлігімен қағып өлтіріп, қашып кеткен

25 декабря 2017

Көкшетауда автокөлік жүргізушісі бұрынғы ғашығын қасақана соғып өткен, әйел сол жерде көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментінен.


Облыс орталығының ішкі істер басқармасына бүгін сағат таңғы тоғыздың шамасында серіктестік директоры қоңырау шалып, фирма аумағында BMW X5 көлігінің жүргізушісі ұйымның 37 жастағы бухгалтерін қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан.  
Полицейлер автокөлікті ізін суытпай ұстады. Рөлде бұрын билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын болған.     

Ер адам көз жұмған әйелмен бұрын бірге тұрғаны анықталды, араларында бала болмаған. Әйелдің артында 14 жасар ұлы қалды.

Полицияның болжамынша, күдікті бұрынғы ғашығын күтіп отырып, жұмысқа келген бетте қасақана соғып өткен.   

Құқық қорғаушылар автокөлік иесін уақытша ұстау абақтысына қамады.  Оған қарсы «Кісі өлтіру»бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика