ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ! Димаш ертең елге келеді

24 Сәуір 2017

Қытайдағы «Сингер» байқауына қатысып, екінші орын алған Димаш Құдайберген ертең Астанаға келеді. Жұртшылық әншіні ерекше салтанатпен қарсы алмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

«Ертең Астанадағы Орталық концерт залында 18:30-да Қытайдағы халықаралық I am a singer байқауынан ірі жеңіспен келе жатқан Димаш Құдайбергенге қарсы аламыз. Осы шараға қатысқысы келгендердің барлығын шақырамын, кіру тегін. Келіңіздер достар, Димашты бірге қарсы алайық», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында министр.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика