Жезөкшелер полициядан көмек сұрауда

10 октября 2017

Атырау қаласында өздерін теріс жолға салған азғынның үстінен шағым жазған бір топ жезөкше өз өмірлері үшін қауіптеніп отыр. Олар енді полицейлерден араша сұрауда, — деп хабарлады   azh.kz.

Қыздар тамыз айында өздерін күшпен ұстап, азғындық жолға түсуге итермелеген азаматтың үстінен шағым түсірген болатын. Ол уақытша тергеу абақтысына қамалды. Алайда сол жақта отырып-ақ қыздарды бопсалап жүр екен. 

Полиция күдіктіге қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Ол бес қызды қорқытып, жезөкшелік жолға салған. Қазір тергеу амалдары аяқталуға жақын. Енді сот отырысы басталады. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика