Жеті бала зорланған жетімдер үйі жабылатын болды

19 Сәуір 2018

Челябинск облысының Әлеуметтік қарым-қатынас министрлігі жетім балаларға арналған Лазурнен мектеп – интернатын жабу туралы шешім қабылданды.  Мектепте тәрбиеленген балалар педофилдердің құрбаны болған. Жабудың ресми себебі, төтенше жағдай. Мекеменің сумен жабдықтауды шектелуімен байланыстырып отыр. Бұл жайында Риа Новости жазады. 

— Апаттың жойылуы көп уақытты алады. Балалар жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған басқа мекемелерге ауыстырылады. Қызметкерлерді жұмыстан босату еңбек заңнамасына сәйкес барлық қажетті рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады, деді мекеме басшысы.

Айта кетелік, 51 жастағы Сергей есімді азамат кәмелетке толмаған жеті жетім баланы зорлаған.

Мәліметтерге сәйкес, ол интернатқа жиі келіп жүрген. Балаларды көлге апарып, тәттілер берген. Артынша шампан мен темекі беріп, зорлаған. Балалардың айтуынша, зорлаушылар екеу болған және олар балаларды жіберіп тұру үшін мұғалімдерге ақша төлеген.

«Қамшы» сілтейді


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика