Жесір әйелді жыныстық қатынасқа азғырған дін қызметкері желіні шулатты (видео)

20 сентября 2017

Оңтүстік Қазақстан облысының дінтанушыларының бірі интимдік жақындастық жасап, Қазнет жұлдызы болса, енді бірі «секс» туралы әңгіме айтамын деп желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Дидар Аяпов есіміді Facebook қолданушысы масқара мәліметпен бөлісті. Онда дінтанушы деп көрсетілген азаматтың тараздық жесір әйелмен желідегі әңгімесі жария етілген.

«Екі мүфтидің Ратбек пен Әбсаттардың «советнигі» болған дінтанушы, порнозвезда Абдулла Бакадыр. Азғындық деп осыны айт!» делінген жазумен Дидар Аяпов жаға ұстатарлық видео жария етті .Онда дінтанушы деп таныстырылған азаматтың жесір әйелмен болған арадағы әңгімесі алдымен таныстықтан басталады. Келіншек дінтанушыдан рухани ілім алу үшін көмек сұрайды. Ал өз кезегінде ер кісі жеңіл жүріске салынбас үшін ара-тұра еркекпен кездесу зинаға жатпайтынын жеткізген. Ең сорақысы, жесір әйелді кездесуге шақырған ол «секстің» қандай түрін ұнатанын айтып, тіпті жыныс мүшесінің фотосын да жолдайды. Сонымен қатар бірнеше аудиохабарламаны да тыңдауға болады. Ең қызығы өзін жесір әйел деп таныстырған келіншек пен дінтанушы ақыры кездесуге бел буады. Бірақ келіншек райынан қайтып қалады. «Сонда сіз басына қайғы түскен әпке-сіңлілерімізді осылай тәніңіздің қалауына пайдаланасыз ба? Сіз Ислам дінін, Алла тағаланың әмірінің бәрін жоққа шығарып, екі минуттық ләззатқа бола тәніңіздің рахаты үшін мынандай іске барып тұрсыз» деп кездесуге келген дінтанушыны жесір келіншек телефон арқылы орнына қояды. Бір ескере кететін жайт, желі арқылы әйелмен сөйлескен адам танымал дінтанушының өзі ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Бірақ жарияланған видео соңында кездесуге келіп тұрған Абдулла Баhадырды анық байқауға болады.

Бұл видео желіде қызу талқыланып жатыр. Ашуға булыққан желідегілер «Бұдан кейін Қазақстан Діни басқармасына қалай сенеміз? Толып жатқан былық…», «Масқара, мына кісінің есі дұрыс па? Аллам осындай алаяқтардан сақтасын», «Әй, не болса да «порножұлдыз» болатын болды…» деген сынды пікірлер жаудыруда.  

Ескерту: Видеоны 18 жасқа толмағандарға көруге болмайды және онда анайы әңгімелер мен суреттер бар!


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика