Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековті ақтауды сұрап мәлімдеме жасаған шетелдіктер

6 Желтоқсан 2016

Желтоқсан1986 жылғы «Желтоқсан» көтерілісі әлем елдерін дүр сілкіндірді. Кеңес үкіметі Алматыда орын алған қақтығысты жасырып, жабуға қанша талпынса да, ойлағандары болмады. Әлемнің назары Қазақстанға ауды. Қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдерінің жастардың жаппай қудалануы мен жазықсыз айыпталуына наразылық білдіріп, бұл бассыздықты тоқтатуды сұраған  хаттары Кеңес елшіліктеріне үнемі түсіп тұрды. Солардың бірі «Алаңға Д.Қонаевтың тағы үшін емес, қазақ қыздарының ары үшін» бардым деген Қайрат Рысқұлбековтің өлім жазасына кесілуіне қарсы мәлімдемелер. Осы мәлімдемелерден кейін Қ.Рысқұлбековке шығарылған үкім өзгертілді, бірақ ол өлімнен бәрібір де құтылмады…

Әлем елдерінің Қайрат Рысқұлбековтің жазасын жеңілдетуді талап еткен наразылық хаттарының көшірмесі 1992 жылы Алматы «Жалын» баспасында жарық көрген «Желтоқсан құрбандарын жоқтау» кітабында «Өлім жазасына кесілген қазақ-түркі жасы туралы мәлімдеме жариялағандар» тақырыбымен берілген екен. Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы қарсаңында тарихи маңызы бар осы құжаттарды өз  оқырмандарымызбен бөліспекпіз.

«Қасым» порталы

МАЖАРЛАР (венгрлер)

АП акпарат агенттігіннің 1987 ж. 20-шілдеде Австрияның астанасы Венадан хабарлағанына қарағанда, орыстар өлім жазасына кескен казақ – түркі жасына байланысты Мажарстанда (Венгрияда) 41 (қырық бір) адам қол қойған мәлімдеме жарияланған.
Венгр зиялысы Миклош Харацты Будапештен телефон арқылы Венадағы АП агенттігінің тілшісіне 41 венгр қол койған бұл мәлімдемеде Кеңес одағы жоғары кеңесінің төрағасы Андрей Громыкодан өлім жазасына кесілген қазақ-түркі жасы Қайрат Рысқұлбековке кешірім жасалуы талап етілгенін айтқан. Мұндай өтініштің жүзеге асуы венгр халқын қуанышқа бөлейтіні жазылған. 41 адамның қолы бар мажар мәлімдемесі заказды хат түрінде Будапештегі Кеңес елшілігіне де жіберілген. Бұл мәлімдемеге Венгрияның Георгий Конрад, Ласло Раик, Габор Демски, Янош Кыц және Гаспар Миклош Тамаш сияқты белгілі жазушылары қол қойған.

ЧЕХТАР

АФП агенттігінің және басқа ақпарат құралдарының көрсетуінше, Чехославакияның адам хұқықтарын қорғау жөніндегі «Хартия —77» атты тобы да өлім жазасына кесілген қазақ түркі жасы Қайрат Рысқұлбековке байланысты мәлімдеме жариялаған.
Чех мәлімдемесі 1987 ж. 08 күні Батыс агенттіктері тілшілеріне де таратылған. Қазақ түркі жасының өлтірілмеуі талап етілген мәлімдеме Прагадағы Кеңес елшілігіне Юрий Сабата есімді адаммен жіберілген. Бірақ есімі аталған бұл кісіні жолда милиция ұстаған және мәлімдеме тексті тартып алған.
Чехославакияда жарияланған мәлімдемеге ішінде бұрынғы сыртқы істер министрі X Хнеупек бар 77 адам қол қойған.

ПОЛЯКТАР

Орыстар өлім жазасына ұйғарған қазақ-түркі жасы Қайрат Рысқұлбековті босату жайында Польшада екі рет мәлімдеме жарияланған. Оларға байланысты Мюнхендегі Түрікелі комитеті кейбір істер атқарады. Мысалы, Анкарада шығатын «Иени форум» журналы тәмендегі мәлімдемені жариялады.

ӨЛІМ  ЖАЗАСЫНА  КЕСІЛГЕН  ҚАЗАҚ-ТҮРКІ ЖАСЫ

Қайрат РысқұлбековӨткен 1986 жылдың желтоксан айының 17— 18 күндері Қазақстанның астанасы Алматыда қазақ-түркі студенттерінің ұлттық көтерілісі болды. Қазақ түркі студенттерінің бұл көтерілісіне кеседегі суды тасытқан соңғы тамшы ретінде Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшысы казақ Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаевтың қызметінен босатылып, оның орнына орыс Геннадий Колбиннің тағайындалуы себеп болған еді.
Түрлі ақпарат кұралдары қазак түркі студенттерінің жоғарыдағы аталған ұлттық көтерілісіне «3 000», « 10 000» адам қатысқанын, оны басу үшін орыстардың Алматыға 70 000 солдат апарғанын» және «өлгендердің көп, жараланғандардың жүздеген» мөлшерде болғанын хабарлады. Алматыға барған Батыс елдері журналистерінің сұрақтарына жауап бере келіп, Қазақстан үкіметінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «көтеріліске 3000 адам қатысты. Екі кісі өлді. Екі жүз адам жараланды» деп көрсетті.
Кеңес баспасөзінде жарияланған мәліметтердің негізінде, Батыс елдерінің Мәскеудегі ақпарат агенттіктерінің 1987 ж. 19.06 күні берген хабарына сәйкес, қазақ-түркі студенттерінің ұлттық көтерілісіне катынасқан архитектуруа институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков өлім жазасына кесілген. Е. Көпесбаев, Т. Тайжұмаев есімді басқа екі студент он бес және бес жылға сотталған. Т. Тәшенов деген ағаш шебері мен К. Күзембаев есімді электрмен дәнекерлеушіге он бес және он төрт жылдан берілген.
Түрлі ақпарат кұралдарының білдіруінше және арнайы алған хабарымызға сәйкес, студенттер көтерілісінен кейін Қазақстанда қазақ- түркілерін жапай тұтқындау, жұмыстан немесе оқудан шығару сияқты жалпылама тазарту шараларына душар болған, « …ж ү з-деген, тіпті мыңдаған адамның тағдыры белгісіз…»
«Қазақстан — қазақтардікі!», «Біріккен Ұлттар Ұйымына жеке мүше болу хұқығын талап етеміз!», «Қазақстанға дербестік берілсін!» «Ресейге қайт!» деген сияқты ұрандар ала жүріп, демонстрация ұйымдастырған студенттерге мұндай ауыр жаза берілуіне азат дүниедегі адам хұқықтарын қорғаушылар ретінде өмір сүріп отырған түрлі ұйымдар мен қоғамдар, баспасөз үнсіз әрі селқос қалып отыр. Азат дүниедегі осындай үнсіздікті бұзуға және ондағыларды оятуға Польша әрекет жасады.
Рейтер мен АП агенттіктерінің 1987 ж. 29.06 күні Варшавадан берген хабарына қарағанда, Польшадағы «Бостандық және бейбітшілік үшін күрес ұйымы» 1987 ж. 26.06, жұма күні Варшавадағы Қеңес одағы елшілігі арқылы Михаил Горбачевке хат жолдаған.
1987 ж. 29. 06, дүйсенбі күні Рейтер мен АП агенттіктері тілшілеріне бұл орайда мәлімдеме таратқан Польша-ның «Бостандық және бейбітшілік үшін күрес ұйымы» басшыларының бірі Ясек Чапутович «Қазақ студентінің өлім жазасына кесілуі дұрыс емес, үкім өзгертілуі тиіс екендігін» өздерінің Михаил Горбачевтің есіне салғаннын айтты. Польшаның «Бостандық және бейбітшілік үшін күрес ұйымының» басшысы аталған хатта азат дүниедегі және Батыстағы бостандық пен бейбітшілік сүйгіш жандардың бәріне өздерінің осы орайдағы үнін жеткізгенін баяндады.
Польшаның батысындағы Познань қаласындағы бостандық сүйер кісілердің де өз бетінше адамдардың қо-лын жинап, қазақ студентінің өлім жазасына кесілуінің дұрыс еместігін көрсеткені де белгілі болып отыр. Қөп адам қол қойып, қазақ студентін өлім жазасына кескен үкімнің өзгертілуін өтінген басқа бір хат Познаньдағы кеңес консульдығына тапсырылған.
Адамгершілік, бостандық сүйгіштік және шынайы бейбітшілік атынан қазақ-түркі студенттерінің проблемасын қолдаған, азат дүниедегілерге және Батыстағыларға осы орайдағы өздерінің жан даусын жеткізген польшалықтарға бүкіл Түрік елі комитеті болып алғыс айтамыз. Шынайы бостандық пен бейбітшіліктің не екенін тек басына іс түскендер ғана біледі.
Осыған байланысты шынайы бостандық пен бейбіт-шілікті жақтаушылардың барлығын польшалықтардын азат дүние мен батысқа арнаған үндеуіне қосылуға шақырамыз. Түркістанды және орыстандыру қаупіне ерекше ұшырап отырған оның Қазақстан бөлігіндегі ауыр жағдайды, әсіресе, Түркиядағы ұйымдар мен баспасөздің есіне салғымыз келеді.

Түркіелі комитеті,
Мюнхен
Батыс Алмания (Германия)

Қазақ-түркі жасы Қайрат Рысқұлбековті өлімнен құтқару мақсатымен польшалықтар жариялаған екінші мәлімдемеге 70 (жетпіс) адам қол қойған. Лех Валенса бастаған 70 адам қол қойған бұл мәлімдемені тарихи құжат ретінде қабылдап, біз төменде оның ағылшын тіліндегі толық текстісін келтіріп отырмыз».

ССРО Жоғарғы Кеңесіне поляктың 70 көрнекті өкілінің

Қ. Рысқұлбековке кешірім берілу жөніндегі үндеуі,
6 июль, 1987.

Жоғарғы Қеңес президиумына жолданған бұл ашық үндеу Варшавада 1987 жылдың 6-июнімен белгіленген. 1987 жылдың 19 июнь күні Польша Пресс Агенттігінің Москвадағы тілшісі «Қазахстанская правда» газетіне сілтеме жасай отырып, 1986 жылғы 17— 18 желтоқсанда болып өткен оқиғаларға қатысы бар адамдарға Алматыда сот үкімі шығарылғандығы жөнінде хабарлады. Бұл оқиғалардың сипаты мен алғашқы тергеу жөнінде мағлұматымыз жеткілікті болмаса да, біз Алматы архитектура институтының 1-курс студенті Қайрат Рысқұлбековке шығарылған өлім жазасы деген үкімге байланысты алаңдап, қатерлі беймаза сезім кешіп отырмыз. Өлім жазасы — ең соңғы және қайрылмас кесім ғой. Жазаның мұндай түрі әлі қолданылатын елдердің өзінде де қатал үкім сотталушы коғамдық тұрғыдан ақталуы мүмкін емес деп есептелген жағдай-да ғана жүзеге асырылады. 18 жастағы балаға мұндай жазаның қолданылуы, оны Советтік академиялық заң жүйесінің мақұлдауы — біз үшін ақылға сыймас іс.
Бұл — тым асығыс әрі моральдық азғын үкім болып табылады. Біз кейбір үкімдердің белгілі есеппен, ең үлкен ескерту шарасы ретінде колданылатынын білеміз. Алайда бұл, жағдаят кісіні қыршынынан киюға сылтау бола алмайды деп санаймыз. Польша бірталай уақыт бойы көше бүліктерінің көрінісіне куә болды.
1956 жылы Познаньда екі жақтан: демонстрацияға шыққандар қатарынан да, қауіпсіздік күштері жағынан да бірталай жан қазаға ұшырады. Бірақ осы оқиғаларға байланысты іс каралып, үкімдер шығарылған кезде жаппай бас көтерулер кезінде көптеген іс-кимылдардың делебе қозған жағдайда көрініс табатыны, сондықтан көпшілік ішіндегі жекелердің жауапкершілігі азайтылуға тиістілігі туралы социологтардың пікірлері ескеріліп, ешкім де өлім жазасына кесілмеген болатын. Сонымен қатар, көп кісіге катысты істерді шындық негізінде тексерудің толып жаткан киындықтары бар.
Қатты эмоциялық толқыныс және апай-топай үстінде өтетін жағдаяттар жөніндегі естеліктердің шындыққа жанаса бермейтіні де белгілі.
ССРО Жоғарғы Қеңесінен бұл іске байланысты жоғарыда аталған жалпы адамзаттық тұрғыларды ескеріп, һәм дұрыс пайдалана отырып, өлім жазасынын өзгертілуін өтінеміз.
Қол койғандар:
Лех Валенса, Збигнев Ромашевски — физик, Ян Яозер Липски — жазушы, Чн Киелановски — биолог, Зофия Стефановска — әдебиет тарихшысы, Стефан Старчевски — филиолог, Яцек Федорович — суретші, Яцек Тэйлор — юрист, Иежи Ястжембовскн — журналист, Анна Шанявска, Ева Кулик, Ян Зиея әкей, Северин Яворски — металлург, Владислав Сила-Новски — юрист, Бронислав Дембовски әкей, Богумила Янас, Бжегож Яшунски — журналист, Магдалена Богута — генетик, Адам Михник — тарихшы, Богдан Борусевич — тарихшы, Зофия Ромашевска — физик, Владислав Фразиниук — шопыр, Хелена Комаровска — журналист, Кжижноф Сливински — журналист, Ян Стежлецки — социолог, Ядвига Стежелецка — физиолог, Анджей Словик — шопыр, Стефан Братковски — журналист, Эдвард Венде — юрист, Анджей Браун — жазушы, Ханна Крал — репортер, Халина Миколайска — актриса, Иежи С. Сито — жазушы, Мариан Брандис — жазушы, Кристина Ласкович — өнер зерттеуші, Лех Димарски — жазушы, Анжела Стейнсбергова — юрист, Кзеслав Садловски әкей, Ева Томашевска — физик, Клеменс Шанявски — философ, Анджей Стелжаховски — юрист, Хенрик Янковски әкей, Марцин Пжибилович — инженер, Кристина Захватович — жобалаушы, Анжей Вайда — кинорежиссер, Кжиштоф Волицки — журналист, Мацией Янковски, Александр Пивонски — металлург, Ян Сикорски әкей, Збигнев Янас — техник, Зофия Куратовска — физик, Гжегож Богута — биофизик, Яцек Курон, Алина Пиенковска — тәрбиеші, Мацией Иловиецки — журналист, Ян Виниецки — экономист, Томаш Яструн — жазушы, Яцек Москва — журналист, Артур Миедзижецки — жазушы, Януш Клековски — музыкант, Иежи Кропивницки — экономист, Гжегож Палка — инженер, Зенобия Кита — филолог, Людвика Вуиец — физик, Елжбиета Иеджейук — математик, Ева Бербериуш — журналист, Збигнев Буяк, Тадеуш Иединак — шахтер, Хенрик Вуиек — физик, Януш Палубицки — тарихшы.

НЕМІСТЕР

Батыс Германияның «Ди Вельт» газетінін 1987 ж. 25.08 күнгі санында және агенттіктер хабарларында көрсетілгендей, Батыс Германияның еңбек министрі Норберт Блюм орыстардың өлім жазасына үкім еткен қазақ-түркі жасы Қайрат Рыскұлбеков туралы Батыс Германияныц сыртқы істер министрі Ганс Дитрих Геншерге хат жолдап, оны құтқаруға күш салуын өтінген.
Еңбек министрі Норберт Блюм бұған косымша Франкфурт қаласындағы Халыкаралық адам хұқықтарын қорғау коғамының өзіне осыған байланысты өтініш хат жолдағанын да айтты (Бұл қоғамға Түрікелі комитеті тарапынан осы жайында ескертілген болатын. Толық мағлұмат— алдағы беттерде).
Бонн. 1987 ж. 31.08. Батыс Германияның (үкімет басындағы) Христиандық-демократиялық партиясының жастар бөлімінің төрағасы Христоф Борхер Кеңес Одағына үндеу жолдап, казақ түркі студенті Қайрат Рысқұлбековке берілген өлім жазасының орындалмауын талап еткенін мәлімдеді.
Бонн, 1987 ж., 18.08. Батыс Германияның сыртқы істер министрінің орынбасары Хельмут Шафер Мәскеудегі Батыс Германия елшісінің Қецес Одағы сыртқы істер министрлігінде болып, қазақ түркі студенті Қайрат Рысқұлбековтің өлтірілмеуін талап еткенін хабарлады. «Батыс Германия үкіметі сондай-ақ халықаралық қоғамдардың бақылаушыларының Қазақстан астанасы Алматыға барып, дербес түрде мәлімет жинауына рұқсат берілуін талап еткен. Хельмут Шафердің айтуынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі Батыс Германия талаптарының тиісті орындарға жеткізілетіні жайында
уәде берген.
Тағы да Батыс Германия сыртқы істер министрінің орынбасары Хельмут Шафердің білдіруінше, «сыртқы істер министрлігі қол жеткізген мәліметтер Рысқұлбековтің әлі өлтірілмегенін, Шығыс Германия коммунистік партиясының органы «Нойес Дочланд» газетінде 1987 ж. 25.06 . күні жарияланған Рыскұлбековтың өлтірілгені туралы хабардың жалған екенін дәлелдейді. Бұл мағлұматты Хельмут Шафер жазбаша түрде Батыс Гер-мания парламентіне тапсырған.
Бонн, 1987 ж., 8. 10. ДП А агенттігі Батыс Германия-ның үкімет басындағы Христиандық-демократиялық партиясыннан сайланған депутат Вильфред Боемнің Батыс Германия сыртқы істер миннстрінің орынбасары Хельмут Щафердің көрсетуіне сәйкес, Қайрат Рысқұлбековтің әлі өлтірілмегенін мәлімдегенін хабарлады. Депутаттың мұнымен қатар, «оның (Қайрат Рыскұлбеков-тің — ф. Ә.) құтқарылуы үшін Батыс Германияның түрлі топтары мен жекелеген адамдары әрекет етуге дегенін агенттік айрықша атап көрсеткен.

АМЕРИКАДА

Американың президенті Рональд Рейган өзінің 1987 ж . 19-шілде күні Езілуші ұлттар аптасына байланысты жариялаған мәлімдемесінде 1986 жылы адам хүқықтары және тәуелсіздік үшін күрескен халықтарды санай ке-ліп, олардың қатарында қазақтарды ерекше атап көрсеткен.
Американың Нью-Йорк қаласындағы «Фридом хаус» ұйымы 1987 ж. 3 .08 күні Кеңес одағы коммунистік партиясының бас хатшысы Михаил С. Горбачев пен бас прокурор Александр Рекунюровқа телеграмма жолдап, Қайрат Рысқұлбековтің өлім жазасына үкім етілуінің дұрыс емес екендігін мәлімдеген. Бұл ұйым орыс лидерлеріне жолдаған өзінің екі телеграммасының бір-бір данасын және төмендегі ағылшын тіліндегі хат текстісін Түрікелі комитетінің президенті Ысмайыл Пынарға жіберген.

08. 03. 87. 15. 50
Фридом хаус
Шығыс 21-көше
Нью-Йорк 10010
Бұл төмендегі мәлімдеменің расталған көшірмесі:
Бас хатшы Михаил С. Горбачевке
Кремль
Мәскеу (Кеңестер Одағы)

Біз өткен жылы Алматыда болып өткен демонстра-ция кезінде милицияның қосымша қызметкерін өлтірді деген айып тағылған Қайрат Рысқұлбековтің ісі бойынша ресми хабарларды қарастырдық. Бұл іс бойынша мәлім болған жағдайлар кесілуге тиіс үкімнің әлім жазасынан әлдеқайда жұмсақ болуы керектігін айғақтайды деп есептейміз. Жігіттің жас екендігі және өлтірілу актісі демонстрация кезінде болыпты-мыс деген фактінің өзі-ақ жағдаяттың басқа да көптеген адамдар қатысып қызбалықпен жасалғандығын көрсетеді. Басшылыққа алынуға тиісті бұл мәселелер кесімді үкім өлім
жазасынан әлдеқайда жұмсақ болуы керектігін дәлелдейді. Бұл іс бойынша Сіз үлкен жанашырлық білдіресіз деп үміттенеміз.

«Фридом хаус»
Фридом хаус
48 Шығыс 21-көше
Нью-Иорк— 10010
Бүкіл әлемнің Азаттық қорғаушылары

ҚҰРМЕТТІ ПЫНАР МЫРЗА!

«Фридом хаустің» Қайрат Рысқұлбековті қолдап, Бас хатшы Горбачев және Бас Прокурор Рекунковтардың атына кеше жолдаған екі телеграммасының көшірмесін жіберіп отырмыз. Қайрат Рысқұлбековтің тағдыры қатыгез түйінсіз шешіледі деп біз де үміттенеміз.

Шын көңілден
ЭЛИЗАБЕТ ЛЕТЧЕР

ТҮРКИЯДА

Польшамен, Чехославакиямен, Венгриямен және Батыс Германиямен салыстырар болсақ, Түркиядағы ресми және ресми емес ұйымдар мен коғамдардың қазақ түркі студентін кұтқару үшін пәлендей әрекет жасамағаны аңғарылады. Ал Батыс Германияның Мюнхен каласында орналасқан Түрікелі комитеті Түркия баспасөзі мен басқа да ұйымдарына жеткілікті материал жіберген болатын. Түрікелі комитеті таратқан ондай мағлұмат пен мәлімдемелердің кейбіреуі Анкарада шығатын «Иени форум» («Жаңа форум»— ауд.), «Янкы» («Жаңғырық»), «Әзербайжан» және Ыстамбұлда шығатын «Иени Батыс Тракия» («Жаңа батыс Тракия») сияқты журналдарда басылды.
Түриядағы күнделікті газеттерде Қазакстандағы 1986 жылғы демонстрацияларға байланысты жарияланған маңызды мақалалардың кейбіреулері мыналар: Эргүн Гөзе, Қазақстан орыстардікі емес, қазақтардікі («Тәржұман» газеті— 1987 ж. 11.01.)
Нұри Эсин. Қазақстан оқиғалары — Ресейдегі ұлттық карсыласудың алғашқы көрінісі («Гүнайдын» газеті — 1987 ж. 17. 01.):
Жошкун Қыржа. Кеңестік Ресейдегі түркілер («Хұррийэт» газеті — 1987 ж. 30. 12.):
Иылмаз Қзтұна. Қазақстан оқиғалары («Тәржұман» газеті — 1987 ж. 23. 12):
Зафэр Атай. Көтеріліс («Тәржүман» газеті— 1987 ж. 23. 12.)
1986 жылдың желтоксан айында Қазакстанда болған окиғалар туралы Түркиядағы кейбір журналдарда да мақала жарияланды. Мысалы, Анкарада шығатын «Иени форум» журналының 1987 ж. ақпандағы 178-санында «Түркілерді жоқ етуге бағытталған болгар — орыс ынтымақтастығы» және «Қазақ патриоттарының ұрандары» атты мақалалар жарық көрді. Ыстамбұлда шығып тұратын «Түрік әлемі бойынша зерттеулер» журналының 1987 ж. сәуірдегі 47-санында басылған Хасен Өралтайдың «Қазақстан — қазақтардікі» деп аталған 18 беттік мақаласында Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары туралы назар аударарлық мол мағлұмат берілген.

Ислам конференциясының бас хатшысына
ЖИДДА 1987 ж. 21.01
Сауд Арабиясы
Бісмілләһир раһманир раһим
Жоғары мәртебелі Бас хатшы мырза!

Өзіңізге белгілі, 1986 жылғы 17— 18 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында казақ студенттерінің екі күнге созылған демонстраңиясы болды.
Бұл туралы Кенегтердің СОТА және ЖБА агенттіктері де хабарлады. Демонстрацияға қатысқан студенттердің «Қазақстан — казақтардікі!» деп жазылған транспаранттар алып жүргені және көшелерде машиналарды қиратқаны, бір дүкенді өртегені анықталды. Демонстрацияны ұйымдастырған студенттер жайында «ұлтшыл элементтер», «бұзақылар», «ішкіштер», «нашақорлар» сияқты коммунистерге тән сөздер айтылды.
Батыс баспасөзі және басқа ақпарат құралдары 1986ж. 17— 18-желтоқсан күндері Қазақстан астанасы Алматыда демонстрацияға шыққан студенттердің «Қазақстан — қазақтардікі!», «Дербестік талап етеміз!», «Біріккен Ұлттар Үйымына мүше болу хұқығын талап етеміз!» деп жазылған транспаранттар алып жүргенін және ұрандағанын хабарлады. Осы оқиғаларға куә болған адамдардың білдіруінше, Алматыдағы демонстрацияға қатысу үшін басқа қалалардан, жақындағы елді мекендер мен ауылдардан көп қазақ келген, демонстрацияны басу үшін орыстар 70 мың солдат апарған.
1986 ж. 17—18-желтоқсан күндері Алматыда казақ студенттерінің бастауымен болған бұл демонстрацияның негізгі себебі 74 жастағы Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаевтың қызметінен алынып, орнына орыстың тағайындалуы емес. Ол тек кеседегі суды тасытқан соңғы тамшы ғана. Демонстрацияның негізгі себебі, француз профессоры Александр Беннигсеннің «Монд» және «Нью-Йорк таймс» газеттерінде атап көрсеткеніндей, әлдекайда тереңде жатыр.
Қысқаша қасиетті хадистерге айтылғандай, «Бір мұсылманның қасіреті басқа мұсылмандардың да қасіреті болып табылады», «Мұсылман — мұсылманның бауыры». Қазақтар да діні бір бауырларымыз. Қазақстандағы орыстандыру әрекеттері мен соңғы окиғаларға байланысты күшейе түскен орыстардың зорлық-зомбылығының жоғары мәртебелі ислам басшылығының жиынында қаралуын қамтамасыз етулерінізді мұсылманшылық, адамгершілік және адам хұкыктары атынан өтінеміз.

ЫСМАЙЫЛ ПЫНАР,
Түркіелі комитетінің президенті.

ЖӘНІБЕК ОРАЛТАЙ,

Түркіелі комитетінің хатшысы.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика