Желідегі танымалдылығын арттырмақ болған қыз сүйіктісін атып өлтірді

29 июня 2017

YouTube желісіне арнап бейнеролик түсіріп жатқан кезде, америкалық қыз байқаусызда жігітін атып өлтірді, деп жазады NBC News.

19 жастағы Моналиса мен 22 жастағы Педро Руиса YouTube желісіндегі көрермендерінің санын арттыру үшін видео түсірмек болады. Олар  тапаншадан атылған оқтың қалың энциклопедияны тесіп өтпейтінін дәлелдегісі келген. 

Жергілікті шерифтің сөзіне сүйенсек, видеоны түсіру барысында Педро кітапты қарсы алдында ұстап тұрады, ал қыз 50-ші калибрлі тапаншадан оқ атады. Нәтижесінде оқ кітапты тесіп өтіп, ер адамның кеудесіне тиген.  Қыз бірден 911 нөміріне хабар береді, алайда Педро алған жарақатынан сол сәтте қаза тауыпты.  Абайсызда кісі өлтіргені үшін қыз 10 жылға түрмеге қамалып немесе 20 мың доллар төлеуі мүмкін.  Жұптың YouTube желісіндегі арнасына қарағанда, Моналисаның үш жасар қызы бар екен әрі екінші баласына аяғы ауыр.  Қыз Twitter парақшасында «ең қауіпті видео» түсіретіндерін алдын ала хабарлаған. 

Жергілікті билік өкілдері жігіттің атып өлтірілгені түсірілген видеоны жариялауға немесе таратуға жол бермейтіндіктерін мәлімдеді. 

sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика