Желі арқылы тараған жантүршігерлік суреттің құпиясы ашылды

26 Желтоқсан 2017

WhatsАpp мессенджерінде жерде қансырап жатқан адамның суреті таралып, қазақстандықтардың үрейін ұшыруда. Осыған байланысты  ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook желісіндегі арнайы мәлімдеме жасады. 

«WhatsApp мессенджерінде 20 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында орын алған «Лада гранта» және «Газель» жүк көліктерінің апаты түсірілген сурет таралуда. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.  Сонымен бірге, дәл осы суреттердің қасында террористерді жою операциясының да суреттері таралуда. Олардың бұл оқиғаға еш қатысы жоқ. Терроршыларды жою операциясы Ресейде орын алған. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп жазды Алмас Сәдубаев. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика