ЖЕДЕЛ! Тасқын ағызып әкеткен ағайынды азаматтар іздестіріліп жатыр

3 Сәуір 2017

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 2 сәуірде аттармен Қопа өзенінінен өту кезінде жоғалып кеткен Нұркен ауылының екі тұрғынын іздеу жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1977 және 1980 жылдары туған Нұркен ауылының тұрғындары Қопа өзенінен өту кезінде жоғалып кеткендігі туралы хабар 2 сәуірде кешкі сағат жетінің кезінде келіп түсті. Оқиға Нұркен ауылынан 500 метр жерде орын алған. Оқиға орнына құтқарушылар аттанды. Бүгін іздеу жұмыстары жалғасады. Оған алты адам мен 2 техника және қайық тартылды. Жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр. Қопа өзенінің арнасын тікұшақпен шолып шықпақпыз», – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Хабарсыз кеткен ағайындылардың бірі ауылдасымен бірге мал іздеуге шыққаны белгілі. Олар көпір арқылы өзеннің арғы бетіне өткен, ал қайтарда атқа мініп, өзен арқылы өтпек болған. Аттылардың бірін өзен суы шайып кеткен. Екіншісі жағаға шығып, көмек шақырған.
Көмекке жергілікті тұрғындар, оның ішінде жоғалғанның ағасы да келген. Ол да атпен өзенге кірген Атқа мінген туысы суға кіріп, оны да ағыс алып кетті.

Сұлтан Жомарт,
«Қасым-ақпарат»

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика