ЖЕДЕЛ! Қазақстанның алты облысында жол жабылды

16 апреля 2017

Көктемгі су тасқыны қаупі төнуіне байланысты 16 сәуір күні Қазақстанның алты облысындағы автожолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазақавтодор» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды  Qasym.kz.

Ақмола облысында тасқын қаупі төнуіне байланысты «Көкшетау-Атбасар» тас жолының Зеренді ауылы мен Атбасар қаласы аралығындағы жолдың бойында барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында В ВКО тасқын қатерінің төнуіне байланысты «Семей-Қайнар» тасжолының бойында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына қойылған шектеу сақталып қалады. Бұл участкті  «Семей-Қарауыл» автожолы арқылы айналып өтуге болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын қатерінің төнуіне байланысты «Самара-Шымкент» автожолының бойында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылда. Арыс өзеніндегі көпірдің бекіткіштері мен жағалау тіреулерін су шайып кеткен. Бұл участкті Темірланов ауылы арқылы айналып өтуге болады. 

Қарағанды облысында тасқын қаупінің төнуіне байланысты келесі автожолдарға шектеу қойылды:

  1. «Ақшатау — Ағадыр» тасжолына шектеу қойылуына байланысты  жолаушылар  «Қарағанды-Ақсу-Аюлы — Ағадыр»  бағыты бойынша айналып өтуге болады;
  2. «Қарағанды — Аягөз — Бұғаз»  автожолының Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылды;
  3. «Бастау-Ақтау-Теміртау»  автожолының Бастау ауылынан бастап Ақтау ауылына дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысында тасқын қауіпінің төнуіне байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

  1. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Сарыкөл ауылынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралық;
  2. «Қостанай-Әулие көл-Сурган» тасжолының Октябрл ауыдынан Қойбағар ауылына дейінгі аралық.

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын қаупінің төнуіне байланысты «Екатеринбург — Алматы» автожолының  Қостай облысының шекарасынан бастап Тоқсан би ауылына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Су тасқыны қаупі төнген аймақтарда ескертеу белгілері орнатылып, тәулік бойына кезекшілік қойылған.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика