ЖЕДЕЛ! Қазақстан прокурорларының жұмысы бейнебақылауда болады

11 марта 2017

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов жаңа тағайындалған прокурорлардан атқарылған қызметі жайлы видеоесеп беруді талап етіп жатыр,-деп хабарлаған еді бүгін таңертең ҚР Бас прокуратурасының комитет басшысы Бағдат Мусин. 

Бас прокуратураОсыдан жарты сағат бұрын Бағдат Мусин видеоесеп жарнама емес екенін айтып, бастаманың мән-жайын түсіндіріп берді.

— Видеоесеп өз-өзімізді [прокуратураны-ред.] жарнамалау үшін жасалуда дегендей пікірлер айтылып жатыр. Атап айтатын жайт, бұл бастама Ұлт Жоспары бесінші бағыты бойынша жүргізілуде. Яғни, халыққа есеп беретін мемлекетті қалыптастыру! Біреулер Ұлт жоспарының бұл бағытын жоғары жақтың нұсқаулығымен орындайды, ал біреулері жаңаша әдіспен келеді. Сонымен қатар, облыс прокурорлары және олардың орынбасарлары, қала және аудан прокурорлары да жартыжылдық жұмысының видеоесебін беруге міндеттеледі. Видеоесеп бойынша бағалау жүйесі құрылады… Керуен жол бастады, лайым, дұрыс бағытта келе жатырмыз,-дейді ҚР Бас прокуратурасының комитет басшысы Бағдат Мусин.

Сұлтан Жомартұлы,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика