ЖЕДЕЛ! Ел банктері қазақстандықтарға мәлімдейді

11 марта 2017

Қазақстандық банктерСоңғы бірнеше күнде екінші деңгейлі қазақстандық банктерге халықаралық дәрежеде кибершабуылдар ұйымдастырылған. Олардың басты мақсаты – банктегі халық қаражатын қолды қылу болғаны анық. Қысқаша айтқанда, тонау. Алайда банк иелері жұрттың жиған-тергенін аман сақтап қалдық дейді. Осы мәселеге орай Kaspi, Halyk Bank, Казком, Астана банкі және Сбербанк өкілдері мәлімдеме жасады. 

«Банктер қылмыскерлердің жолын кесті. Кейбір банктерде клиенттерді қорғау мақсатында интернет арқылы ақша аударымын жасауға шектеулер қойылды. Әйтсе де алаяқтар шабулы толастар емес. Олар интернет-банкиг клиенттерінің логиндері мен құпия сөздерін ұрлап алуға талпынуда», — делінген банк өкілдерінің хабарламасында.

Қазақстандық банк өкілдерінің айтуынша, алаяқтар өз мақсаттарына жету жолында түрлі айла-шарғы жасайды. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны клинетке әлеуметтік желі арқылы сілтеме жіберіледі. Онда адамды өзіне тартатын жарнама орнатылған болуы мүмкін. Бұл сілтемені ашқан азаматтың компьютеріне арнайы жазылған вирустар көшіріледі. Кейін алаяқтарға қажетті мәліметтерді жіберіп отырады. Кибершабуылды ұйымдастырушылар осы вирустар арқылы банк клиенттерінің логин-паролін иеленіп, жеке шотындағы қаражатын ұрлап кетеді.
Алаяқтар қолданатын тағы бір тәсіл бар. Олар клиентке банк өкілі ретінде хабарласып, жеке мәліметтерін (электронды шотты басқару құқығын беретін) беруді сұрауы мүмкін.

«Мұндай жағдайда банктің клиент шотын сақтау бағытындағы барлық жұмыстарының тиімділігі жойылады. Сондықтан да біз онлайн-сервис қолданушыларын барынша сақ болуға және жеке ақпараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз. Әсіресе жеке мәліметтерді интернетке енгізерді абайлаған жөн. Сіздер осы арқылы банктің қауіпсіздік жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етесіздер», — дейді екінші деңгейлі банктер.

Алаяқтар торына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Жауабы өте қарапайым. Бар болғаны бірнеше шартты орындасаңыз жеткілікті. Яғни онлайн-сервиске кіруге мүмкіндік беретін логин-парольді, карта нөмерін, CVV (картаның сыртқы бетіндегі үш санды код) және СМС хабарлама арқылы алынатын мақұлдау кодының бөгде адамдардың қолына түсіп кетуінен сақтану керек. Сондай-ақ жеке шотыңыздың қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір мәселе туындаған болса немесе күдігіңіз болса, онда дереу банктің техникалық қолдау бөліміне хабарласқаныңыз дұрыс.

Жасұлан Күрішбеков,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика