ЖЕДЕЛ! Әр қазақ сенің жалғызың емес пе?!

12 марта 2017

Бұл аса талантты бала Азамат Сыдықовтың суреті. Ол 16 жаста. Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» (НИШ) 11 сынып оқушысы. Робототехникамен шұғылданады, дүркін-дүркін халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Болашағынан зор үміт күттіретін жастардың бірі.

Алайда Азамат қазір хал үстінде жатыр. Дәрігерлер артқы бас сүйек шұңқырының медуллобластомасы деген диагноз қойып отыр. Бұл – мидың қатерлі ісігі. Ол Ұлттық нейрохирургия орталығының клиникасында ем қабылдауда. Ағымдағы жылдың 28 ақпанында оған ота жасалып, ісікті алып тастады. Алайда денсаулығы жақсарған жоқ. Естиді, бірақ көзін аша алмайды, сезеді, бірақ орнынан мүлде тұра алмайды.

Белгілі қоғам қайраткері Ерлан Саиров бүгін барлық қайырымды жандарды Азаматқа қол ұшын созуға шақырды. Елдің белгілі тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, желі қолданушылары бірден елең етіп, ақпаратты жан-жаққа таратып, қол ұшын созды.

«Қасым.kz» ақпараттық порталы да қалыс қала алмады. Азаматтың анасымен хабарласып, мыңдаған оқырман атынан қаржылық көмек көрсетуге тырысты. Анасы осы жаңа бізге хабарласып, аналық алғысын білдірді. Өз тарапымыздан, бұл біздің емес, мыңдаған оқырманымыздың ниеті дедік.

Еліміздің келешегі болатын Азамат — қазақ, еліміздің азаматы, демек жалғызымыз! Қиын жағдайға түскен бауырымызды емдеуге көмек көрсету әлі де жалғасуда.

Барлық ақпараттық агенттіктерді, порталдар мен сайттарды бұл қайырымды істен қалыс қалмауға шақырамыз! Кім білген, мүмкін Азамат Сыдықов Нобель сыйлығын алатын алғашқы қазақ шығар. Ол жағы Аллаға аян. Аз мөлшерде болса да қаржылай қолдау көрсетсеңіздер екен деген тілек бар. Осы сәрсенбіге дейін, жоқ дегенде 1 миллион теңге жиналуы керек. Бүгінгі таңда 881 мың теңге жиналды. 2017 жылдың 15 наурызы күні Азаматты Кореядағы емханада тексеруден өткізеді.

Төменде Азаматтың анасының атына ашылған шот нөмері көрсетілген.

«Цесна Банк»: Visa 4132 6320 3252 8732 Тажигулова Батима Мажитовна +77014977389 ЖСН: 670522401477 Qiwi әмиан: +77014977389 Толық мәліметті Іnstagram аккаунтынан алуға болады: @azamat_sos


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика