Жазушы әйел қылмыскерлер туралы кітап жазу үшін жас жігітті пышақтап өлтірген

24 октября 2017

Австралиялық Джемма Лилли есімді жазушы әйелге 18 жастағы жігітті өлтірді деген айып тағылды. Ол бұл қылмысқа өзі жазып жатқан кітап сюжетін барынша шынайы етіп беру үшін барған.
Полицейлердің айтуынша, жазушы әйелдің қылмысын жасыруға көршісі көмектескен екен. Әйел адам өлтіруді кәсіп қылған қылмыскерлер туралы кітап жазбақ болады. Алайда ойын жинақтап, сюжетін құрай алмағандықтан, қылмыскердің қандай сезімде болатынын білу үшін 18 жастағы жігітті үйіне алдап шақырып алады. Артынша оны бірнеше жерінен пышақтап өлтірген. Кейін көршісі екеуі мәйітті үйдің сыртындағы аулаға көміп тасайды.
Қаза тапқан азамат   Аарона  Паджич Аспергер синдромына шалдыққан екен.

Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика