Жатақханадағы төбелестен 18 жастағы студент қаза тапты

12 апреля 2017

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық  университеті  жатақханасында болған жаппай төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды. Университеттің  бірінші және екінші курс студенттері қатысқан жұдырытасу түн ортасында орын алған.

 «Түнгі сағат бірде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курс студенттерінің арасында төбелес шыққан. Салдарынан бірінші курстың 1999 жылғы студенті қаза тапты. Пышақ жарақаты немесе басқа да көрінетін жарақаттар жоқ, дене жарақаты да анықталмады. Төбелес шығып, бір студент қаза тапты. Жедел жәрдем шақырған, олар студенттің қайтыс болғанын айтқан. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді», — деді Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Мамандар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жатақханада болған төбелестен қаза тапқан 17 жастағы студент Дидар Болысбектің денесінен зорлықпен өлтіру іздерін таппаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғарғы оқу орнының ректоры Тілектес Есболов телефон арқылы айтып берді. 

«Ол жерде күтпеген клиникалық өлім. Оның денесінен сырылған немесе соққы іздері табылған жоқ. Онда кезекшілер 12-ге дейін болды, содан кейін кетіп қалған. Мен әрдайым балалармен, студенттермен біргемін. Мен түнде Түркиядан ұшып келдім, онда бүкіләлемдік конгресс өтті. Таңертең жатақханаға келдім. Бұлар — менің балаларым, мен осылар үшін өмір сүріп, жұмыс істеймін. Маған өте ауыр тиді», — деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика