Жасырын жақсылық

26 февраля 2019

Қапшық ақшаШағын ғана ауылда бір шебер ұста өмір сүріпті. Ол ағаштан әдемі заттар жасап, оны қымбат бағамен сататын болған екен. Күндердің күнінде оған бір кедей ауылдасы кіріп: “Сен өзіңнің еңбегің үшін жақсы ақша аласың. Алай-да кедей адамдарға жәрдем бермейсің. Ана қасапшыға қарашы! Жұмысынан көп пайда көрмесе де, әрдайым адамдарға тегін ет таратып, сауап алғысы келеді. Сен сол қасапшыдан үлгі алсаңшы!” — дейді. Ұста оның бұл сөзін үнсіз тыңдап болған соң, ары қарай жұмысын жалғастыра береді. Оның бұл әрекетінен көңілі қалған қария ашуланған күйі шығып кетеді.
Бұл оқиғадан соң біраз уақыт өткенде ауыл арасында: “Ана ұстаның байлығы қандай көп болса, сараңдығы да сондай қатты адам екен”, — деген қауесет жүреді. Ауылдастарының оған қатты ренжігені соншалық, қатты ауырып қалса да, ешбірі халін сұрап, зиярат етпейді, жәрдемін ұсынып, қол ұшын созбайды. Содан ұста қайтыс болады.
Уақыт зымырап өте берді. Адамдар сол уа-қыт аралығында қасапшының тегін ет таратпай жүргенін байқайды. Таңқалған олар қасапшыдан мұның себебін сұрайды. Сонда қасап-шы: “Ұста көзі тірі кезінде маған үнемі ақша әкеліп беретін. Сол ақшаның есебінен мұқтаж адамдарға ет таратуымды тапсыратын. Ал енді ұста да жоқ, ақша да жоқ”, — деген екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика