Жас жұбайлардың неге ұрысқаны белгілі болды (видео)

19 Наурыз 2017

Бүгін әлеуметтік желіде жас жұбайлардың той кортежінде жүріп ұрысқан видеосы кең таралып кеткен болатын. Бір мезетте Қарағанды, Астана, Ақтау қалаларында түсірілген деген атаумен бірнеше видео жарық көрді. Қалыңдықтың аты – Бәтима, күйеу жігіт – Жомарт. Көше ортасында ұрыссып, бір-біріне дауыс көтереген жұптардың бұл әрекеті расымен де қойылым екен.

Әлеуметтік желі қолданушылары сюжеттері ұқсас видеоларды көргенде оның қойылым екендігін бірден білді. Жастардың бұл әрекетке неге барғаны туралы түрлі болжамдар жасалды. Көпшілік олар осы арқылы несиеге той жасауды тоқтату керектігін айтқысы келген болар деп топшалады.  Ал шындық мүлдем басқада екен.
Бұл видеоларды түсірген жаңадан ашылған «Той индустрия орталығы» екен. Орталық қызметкерлері бизнесін жарнамалап, халыққа кең таныстыруды мақсат тұтады. Сондықтан да қалыңдық пен күйеу жігітті көшеде жанжалдастырып, артынша видеоны әлеуметтік желіге таратып жібереді.  Болды. Аз қаржымен-ақ танымал болып шыға келді.  Бұл туралы жоба жетекшісі Жан Муканов мәлімдеді.
Ал енді сұрақ. Өздерін жарнамалау мақсатында отбасылық құндылық, қалыңдық көйлегі тәрізді дүниелерді аяққа таптап, жұрт алдында ажырасуды дәріптеген орталыққа той ұйымдастыруды сеніп тапсыруға бола ма? Ырымға жаман емес пе?

Сұлтан Жомартұлы
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика