Жас жігіт қанды қылмысын баяндап бергенде, марқұмның анасы көз жасын тыя алмады

16 апреля 2018

Түркістанда 24 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Күдіктінің өзі бірінші сот процесінде-ақ кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. 

Жәбірленуші тарап зорлықпен өлтірген күдіктіге қатаң жаза беруді талап етті. Жас жігіт жасаған қанды қылмысын біртіндеп баяндап бергенде, марқұм келіншектің анасы көз жасын тыя алмады. 

Еске салайық, қаңтар айында Түркістан қаласында 24 жастағы келіншекті такси жүргізуші айуандықпен өлтірді деген ақпарат бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Зорлықпен қаза тапқан азаматшаның денесі екі аптадан кейін ауылдың шетіндегі қамыстың ішінен табылған. Алғашқыда марқұм келіншектің ұялы телефоны күдіктінің өзінен табылса да кінәсін мойындамаған болатын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика