«Жас талап-2017» жаңа таланттарды марапаттады

28 Қараша 2017

Жаңадан, жаңғырып жатқан қоғамымыздың қозғаушы күші жастар. Кешегі Мағжан сенген өр рухты жастарымыз – бүгінгі үкілеген үмітіміз, ертеңіміздің кемел келешегі екені аян. Осы орайда жастардың талабын, шығармашылығын қолдау аға буын өкілдерінің парызы десек те артық емес. Ал Қарағанды өңірі жастарына деген ерекше ілтипаты да бар. Оған дәлел, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 27 қараша 2017 жылы «Болашақ» академиясында II облыстық «Жас талап-2017» балалар мен жасөспірімдер фестивалін өткізгені.

    Аталмыш фестивальге Қарағанды облысының мектептерінен 162 оқушы қатысып отырғаны көңіл қуантады. Себебі, ошағында оты жанғанда отауынан ән төгілетін сауықшыл қазақ, өнерімен өрге жүзіп келді. Ал ел үміті жастардан осынша үміткер қатысу, ертеңгі жастарымызға деген кәміл сенімді оятады. Енді мәселег оралар болсақ, фестиваль 5 номинация бойынша өтті: Дәстүрлі ән, Ұлттық аспапта ойнау, Бейнелеу өнері, Қолөнер және мүсін, Эссе жазу. Талаптың тұлпарына мінген жасатрымыз қызу сайыста өнерімен халықты паш етті. Алайда, жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, сайыс болған соң кіл мықты да болады. Ендеше фестиваль қорытындысы көрермен көңілінен, қатысушы үміткерлер көңілінен шықты. Мәселен, «Дәстүрлі» ән номинациясы бойынша 3 орынды Ақтоғай ауданының 3 сынып оқушысы Арыстанбекова дильяра мен Абай ауданына келген Ахметова Еркежан бөліп алды. Екінші орынды Жаңа-Арқа ауданына келген Тағатова Ақниет, ал бірінші орындыОразбек Берік қанжығаға байласа, бас жүлдені Бұқар Жырау ауданынан келген 8 сынып оқушысы Мукушева Аяла алды. Дәл осындай орындар «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясында болды. Онда үшінші орындарға Теміртау қаласының Қамбарбеков Жомарт пен Болат Айгерім есімді үміткерлері алды. Жаң-Арқа ауданының  7 сынып оқушысы Серік Аружан 2 орынға тоқтап, Теміртау қаласының 8 сынып оқушысы Сапабекова Айгерім 1 орынға тұрақтады. Алайда бас жүлдені Тәжібай Аяулым талассыз алды. Суретшінің сырын суретінен тану керек. Ол салған суретте небір тылсым дүниелер бар. Ендеше, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ-Дүйсекеев Балнұрға бұйырса, бірінші орын –Жаскен Камила, 2 орын – Муканова Аяулым, Жаңа-Арқа ауданы 9 сынып оқушысы,3 орынға –Амангелді Мөлдір мен Қонысбекова Адель табан тіреді. «Қолөнері және мүсін» номинациясында БАС ЖҮЛДЕ-Шектібаева Аяулым,Абай ауданы,8 сынып оқушысына бұйырды.

Бірінші орын – Бөкейхан Ақжол, Бұқар Жырау ауданының 7 сынып оқушысы иеленсе, 2 орынды Әділ Ұлдана, Бұқар Жырау ауданы 9 сынып оқушысы місе тұтты. Бұл номинацияда да үшінші орынға ие болғандар  екеу. Олар – Бұқар Жырау ауданынан келген Болат Сағыныш пен Нұржанов Дастан. Ахмет Байтұрсынұлы өнерді 5 түрге жіктей отыра, ең басына сөз өнерін қояды екен. Ендеше соңғы номинация – «ЭССЕ жазу» номинациясы. Бұнда да қаламынан кәусар ойлар төгілген оқушылар табылды. Екі үшінші орынға Жәнібек Аяжан мен Нұрғалиева Ботакөз табан тіреді. Ал Бұқар Жырау ауданынан келген Орынбек Инабат екінші орынды тістеп қайтты. Жаңа-Арқа ауданының 8 сынып оқушысы Тағатова Аружан 1 орынға иеленді. Ал Бұқар Жырау ауданынан келген 7 сынып оқушысы Ахметова Айнаға тең келер қарсылас табылмады.

Ойы терең, көкірек көзі ояу ертеңгі еліміздің кемелденуінің белгісі болса, сол белгіні қалыптастыратын бүгінгі біз. Ендеше жастарымызға, ертеңгі болашағымыздың дамуына үлес қосар осындай ісм-шаралар жиі өтсе дейміз.

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТ


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика