Жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан қылмыстық топ ұсталды (видео)
11 апреля 2018
Қарағандыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төрт адамнан жасақталған қылмыстық топты Қарағанды облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 сәуірде ұстаған. Алайда мән-жайы мен ұстау себептері тек қазір белгілі болды. Күдіктілерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған.