Жас қаламгерлердің облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өтеді

31 Шілде 2017

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында, Алаш қозғалысының 100 жылдығына және көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбековтің туғанына 75 жыл толуына орай Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыстілді) облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаттары:

  • мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру;
  • көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;
  • өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау;
  • шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;
  • ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

Байқау шарттары:

– байқауға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

– әдеби журналдарда жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар және талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды;

–  үміткерлердің байқауға ұсынған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;

– осы байқауда бұған дейін бас жүлде алған жеңімпаздар қатыса алмайды; 

         – ұсынылған шығармалар жазбаша және электрондық нұсқада  Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт),  жоларасы 1 интервал, Times New Roman) қарпімен  жіберіледі;

– қатысушылардың жол ақысын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

  • ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
  • шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
  • туындының көркемдік сапасына;
  • автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың  қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

Байқау жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.

Арнайы жүлде (біреу) – 100 000 (жүз мың) теңге

І орын (үшеу) – 60 000 (алпыс мың) теңгеден

ІІ орын (үшеу) –  50 000 (елу мың) теңгеден

ІІІ орын (үшеу) – 30 000 (отыз мың) теңгеден

Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Байқауға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса), А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (электронды және қағаз нұсқасы) 2017жылғы 15

 қыркүйекке дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (100008, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, тел. 567476, 569348-ф, b.altynbek@karaganda-region.gov.kz) қабылданады.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика