Жаралы сарбаздың сөзі досының көзіне жас үйірді

11 Сәуір 2018

Бір әскер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге кұлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келіп, әскер:

– Жолдас капитан, досыма барып, оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді. Капитан «жынданған шығарсың!» дегендей әскерге қарап:

– Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге тігіп қайтесің – дейді.

Әскер баруым керек деп тұрып алады, капитан:

– Жарайды, барсаң бар – деп рұқсат береді.

Әскер бораған оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқасына арқалап, бекініске әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соққысын тыңдады да:

Саған өміріңді қауіпке тігіп не қылмақсың деп айттым ғой? Досың бәрібір өліп қалды.

Жоқ, жолдас капитан, барғаным дұрыс болды – демін ала алмай жатыр екен.

-Қалайша дұрыс болады? Оның өлгенін көріп тұрсың ғой шырағым-ау.

– Бәрібір дұрыс болды. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі екен. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды – деді де жылап жіберді.

Сосын досының соңғы сөздерін қайталады:

– Келетініңді біліп едім! Келетініңді біліп едім досым! Рахмет.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика