Жантүршігерлік жол апатына ұшыраған прокурор оқиғаны баяндап берді

12 мая 2017

Алматы қаласының Әуезов аудандық поркурорының көмекшісі Бекзат Бошен автобуспен болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы туралы баяндап берді. Прокуратура қызметкері «Гелендваген» көлігінің рөлінде отырған. Оқиға салдарынан оның екі жастағы ұлы және қоғамдық көлікте отырған 22 адам зардап шеккен, — деп хабарлайды Qasym.kz.

«11 мамыр күні таңғы 8-дер шамасында әйелімді ауруханаға алып бардым. Ол қатерлі ісік дертіне шалдыққандықтан сол жерде ренген сәулесі арқылы емделуде. Біз осы күні Сарыағашқа барып демалмақ болған едік. Мен көлігімді жолға дайындап, майын ауыстырдым. Осыдан соң Петров көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан болатынмын. Әйелім қоңырау шалып,тезірек келуімді сұрады. 

Мен оң жағымда шағын бұрылыс барын көріп, сол жермен жүрмек болды. Әуелде оң жақта кедергі болған еді. Ол көлікті өткізіп жібердім, ал автобусты көрмедім. Ұлым қасымда отырған. Мен оңға бұрылдым, дәл сол кезде соққыны сезім. Бірер сәтке есімнен танып қалыппын. Есімді жиып қарасам, ұлым қозғалыссыз қалыпты. Мен оны көтеріп, сыртқа алып шықтым. Осы кезде басқа адамдар да көмекке жетті. Олардың бірі менің ұлымды алып, жақын маңдағы дүкендердің біріне кіріп кетті. Мен оған алғашқы көмек көрсете бастадым. Ол демалмай жатқан еді. Дәл сол кезде жедел-жәрдем де келіп жетті. Біз менің ұлымды жақын маңдағы ауруханаға жеткіздік», — дейді Бекзат Бошен. 

Оның айтуынша, оң жаққа бұрылу барысында жол ережесін бұзбаған. Қасында ұлы отырғандықтан, оның өмірін қауіпке тікпес едім дейді. Әрі қымбат көлік бұл азаматтың ағасына тиесілі болып шықты. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика