Жантүршігерлік қылмыс жасаған қырғыз азаматы өмір бойына түрмеге қамалды

23 марта 2018

Қырғызстанның Джалал Абад облысына қарасты Ақсай ауданында аса ауыр қылмыс жасаған ер адам ұсталды. Ол екі әйелді өлтіріп, аяғы ауыр бойжеткенді соққыға жыққан.

Қанды оқиға өткен жылдың қараша айында орын алған екен. Үш ай бұрын үйленген жас жігіт жас жұбайының бар екеніне қарамастан өзге қыздың басын айналдырған. Кейін әлгі қыздың аяғы ауыр екенін естіп, бірден баланы алдырып тастауды талап етеді. Әйтсе де «көңілдесі» жігіттің талабымен келіспеген. Бұған ашуланған жігіт оны аулада соққыға жығып, есінен танғанша ұрады. Артынша үйіне кіріп қыздың шешесі мен жеңгесін ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда алысқа ұзамай қолға түсті. Сот жігіттің жасаған қылмысының ауырлығын ескеріп, оны өмір бойына түрмеге қамау туралы үкім шығарды. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика