Жантүршігерлік көлік апатынан екі қыз қаза тапты

1 сентября 2017

Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасында екі жас қыз қайтыс болды. 

Оқиға 29 тамызда Қаратұрық ауылының маңында орын алды. Алматы қаласының 19-жасар тұрғыны жүргізген Chevrolet Aveo автокөлігі жол бойында қоршалған бетон қабырғаға соғылған. Оқиға орнында көліктің жолаушылары, 19-жасар екі қыз көз жұмды. 

Жүргізуші қыз жеңіл жарақат алып, ауруханаға барудан бас тартқан. 

Оқиға бойынша ҚР ҚК 4-бөлімі 345-бабы бойынша іс қозғалды. Іс облыстық тергеу істерінің басқармасының қарамағына берілді. Бірқатар  сараптамалар белгіленді. 

Дeреккөз: sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика