Жантүршігерлік көлік апатынан бес адам қаза тапты

19 сентября 2017

Автокөлік жүруге болмайтын тас жолда көлік апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Жол апаты 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы учаскесінде болған.

43 жастағы алматылық әйел мінген  Range Rover Айдарлы ауылына жақын маңда түйемен соқтығысып, аударылып түскен. Жол апаты орнында автокөлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға апара жатқанда көз жұмды.

Жол апатында түйе де қаза болған, бірақ оның кімге тиесілі екені әлі анықталған жоқ. Белгілі болғандай, бұл учаске салынып бітпеген екен, сол себепті онда көлікпен жүруге тыйым салынған. Полиция тергеу ісін жүргізуде.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика