Жантүршігерлік көлік апатынан 6 адам қаза тапты

30 сентября 2017

Алматы облысында көлік апатынан 6 адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жантүршігерлік көлік апаты Бақанас-Қапшағай тас жолының Миялы ауылы маңында болған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

«Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті медициналық сараптамалардың барлығы тағайындалды. Аталған іс Алматы облыстық анықтау басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

6 адамның өмірін қиып, 5 адам зардап шеккен көлік апаты кеше кешкісін сағат 19:00-дер шамасында болған.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика