Жанармай толы бөтелкені теуіп жіберді: Автобус жүргізушісі Ақтөбедегі 52 өзбектің өліміне жолаушылардың өзін кінәлады

19 Қыркүйек 2018

Автобус жүргізушісі Ақтөбеде қаза болған 52 өзбектің өліміне жолаушыларды кінәлады. Жүргізуші кінәсін мойындаған жоқ, деп хабарлайды КТК.

Автобус жүргізушісі Ахраб есімді куәгердің жанармай толы бөтелкені теуіп жібергенін, соның кесірінен от тұтанғанын айтты. Оны сотқа шақыру керек екенін айтты.

Жәбірленушілер айыпталушы Мақсат Пернебековке сұрақ қойды. Айтуынша, автобус Ырғыз ауданында жанармайы қатып қалғандықтан тоқтап қалған. Жүргізуші өзі ұйықтап қалып, өрт болғанда ғана оянған. Оған дейін жолаушылар төбелескен. Сол кезде Ахраб есімді бригадирі бөтелкені теуіп жіберген. Бұл тірі қалған екі куәгердің айтуы. Бірақ олар шақыртылғанымен, сотқа келмеген.

“Өрт деп айқайлады. Тұрсам от шығып тұр. Жарақат алған күйі қашып шықтым. 19-ы күні кешке есімді жинап сұраған кезімде тірі қалған өзбек азаматы баклажканы Ахраб теуіп жіберді деді”, – дейді сотталушы Мақсат Пернебеков.

Бұған дейін жәбірленушілер жолаушыларың өлгеніне сенімсіздік білдірген еді.

Дереккөз: stan.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика