Жаңа туған нәресте жұрттың зәресін алды (фото)

2 июня 2017

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Үндістанның Гуджарат қаласында 4 аяқты сәби дүниеге келді. Жуырда бес ай толған сәбиге дәрігерлер ота жасап, артық аяғын кесіп тастады. Десе де, дәрігерлер оның ерекше жаратылысын әлі күнге дейін түсіне алмай келедіБұл туралы  stan.kz  басылымы хабарлайды.

Төрт аяқпен туған сәбиді жұрт «бөгдепланеталық» деп атап кеткен. Ол егіз бауырымен бірге туған екен. Алайда бауыры туа салысымен шетінеп кеткен. Дәрігерлер бастапқыда мұны түсінбей, 22 жастағы анасы Суреха Мулидің бойында бір кінәрат бар деп ойлаған. Ол 25 жастағы күйеуімен бірге қыздарына ота жасатуға келісімдерін беріп, кезекке тұрған. Өткен аптаның сәрсенбісінде хирургтер бес айлық сәбиге ота жасады.

«Қызымның төрт аяғы барын білген кезде, адамдар оны көргісі келетіндерін айтты. Осы сәтте өзімді жайсыз сезіндім. Құдды ол бөгдепланеталық құбыжық сияқты. Көп адам менің осы тағдырға лайық екенімді айтып, желіде пікір жаза бастады. Қандай жағдай болса да, үмітімді үзген емеспін. Дәрігерлерге деген шексіз алғысымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қызымның отадан кейін аман қалғанына ризамын», – дейді Мули ханым.

Мули ханым отбасымен бірге Үндістанның кедей ауылында тұрады екен. Ол аймақта іштегі баланы бақылайтын аппарат болмаған-ды. Нәтижесінде ол ай сайын іштегі баласының денсаулығын бақыламаған. Ал күйеуі Пратап мырза күніне 100 еуро табады екен. Осылайша, олар қыздарына ота жасату үшін ақша іздеуге мәжбүр болған. Нәтижесінде қажетті сома жиналып, дәрігерлер отаға дайындықты бастаған. Бүгінде сәбидің денсаулығы жақсы.

«Сәби туа салысымен ота жасауға қорықтық. Ол мұны көтере алмауы мүмкін еді. Шыны керек, оның қалайша аман қалғанын өзіміз де түсінбей отырмыз. Өмірге деген құштарлығы мол екен. Қазір аяғын еркін қимылдатады», – дейді дәрігер Рэкеш Джоши.

24 мамыр күні бес айлық сәбиге алты дәрігер ота жасады. Аталған ота 5 сағатқа созылды. Отаға дейін сәбидің салмағы 7,4 кг болған. Енді оның салмағы 5,6 кг.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика