Жаңа пәтерін жумақ болған жігіт әйелін бауыздап тастаған

26 Желтоқсан 2017

Ресейдің Челябинск облысында жантүршігерлік қылмыс орын алды. Жаңа пәтерде қоныс тойын тойламақ болған отбасының шаңырағы ортасына түсті. Бәріне отағасының ашуына иелік ете алмауы себеп болған.

Қанды қылмыс отбасылық айқай-шудан басталған. Әйеліне сөзін өткізе алмаған еркек оны пышақтап, бауыздап тастайды. Тек содан кейін барып қана өзінің не істегенін түсініп, өзіне қолсалып қаза тапқан. Қылмыстың бәрі олардың үйіне келген туыстарының қызының көз алдында болыпты. Бұл кезде марқұмдардың жасөспірім ұлы көрші бөлмеде болған. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика