ЖАҢА ҒАНА. Қарақат туған күнін не себепті мешітте өткізгенін түсіндіріп берді

7 Сәуір 2017

 «Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін деген ниет еді»

Қарақат Әбілдина туған күнін не себепті мешітте өткізгенін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, туған күнді таза жерде – мешіттің мейрамxанасында өткзуге аңсары ауған,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. Желі қолданушыларының және Қарақаттың жанкүйерлерінің өтініші бойынша әншінің өз пікірін жариялауды жөн санадық:

— Өзім аяғым ауыр болған соң ба білмеймін, жүрегім бір тазалықты қалады.. Туған күнімді таза жерде мешіттің мейрамxанасында өткзуге аңсарым ауды. Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін, құранның әуезіне балқысын деген әппақ ниет еді.. Тек қана қыздар бас қосып, төгілтіп орамалдарын тағып келсе, елдің алдында жүрген арулар ақ жаулықтарымен отырса қазақтың қанша қыздарына үлгі де болады ғой деп ойладық. Пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистеріне сүйеніп мағыналы ән-жыр қосуды да жөн көрдік..Қазақтың салты, дәстүрі де қамтылды. Түрлі ойындар болсын, құран оқылса, уағыздар айтылса деген мақсатым орындалды да. Бәрі де керемет! Ғажап кеш өтті. Ең қызығы, арақ-шараппен шулап өтетін туған күндер туралы тіс жармайтын кейбіреулер менің адал ниеттегі, xалал түрдегі туған күнімді дабырайтып жазып та жатқан көрінеді. Өкінішті-ақ. Әппақ дуниеден қаралық іздеуге неге құмар болдық екен деп ойлаймын. […] Қасиетті жұма қабыл болсын!,-дейді Қ.Әбілдина.

«Қасым-ақпарат»

Басқа да жаңалықтар мына айдарда (суретті басыңыз)!


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика