«ЖАМБЫЛ ТРАГЕДИЯСЫ» ТЕРГЕЛУДЕ

20 февраля 2017

жамбыл облысындағы қар көшкініЖамбыл облысында қаза тапқан әскерилердің өліміне қатысты «Қызметке салғырт қарау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп хабарлайды ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

«ҚР Қорғаныс министрлігінің 91678 әскери бөліміндегі жеті әскеридің жаттығу кезінде қар көшкінінен қаза табуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі бойынша («Қызметке салғырт қарау», «Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет») сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген хабарламада.

Қазір аталмыш дерек бойынша ҚР Бас әскери прокуратурасында арнайы прокурорының басшылығымен жедел-тергеу тобы құрылды. Төтенше оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын Бақытжан Сағынтаев өз бақылауына алатыны хабарланған болатын.

«Қасым-Ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика