Жалған куәлік жасатқан жүргізуші ұсталып қалды (ВИДЕО)

5 мая 2017

Жалған жүргізуші куәлігін сатып алып, адам тасымалдаумен айналысқан шымкенттік тұрғын ұсталды. Ол Алматы — Шымкент бағытындағы жолаушылар автобусында жұмыс істеген. Жолда оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, жүргізуші куәлігінің жалған екендігін анықтаған. Мұны жүргізуші жігіттің өзі де мойындап, туға қаласында мұндай куәліктерді оп-оңай жасатып алуға болатынын жеткізіпті.

Раtrul.kz порталының хабарлауынша, полицейлердің назарын автобустың артқы бөлігінде мемлекеттік нөмердің болмауы аударған. Олар сондықтан автобусты тоқтатады, артынша жүргізуші куәлігінің жалған екендігін анықтайды. Өйткені жалған куәлікті жүргізушіге қажетті 5 санаттың барлығы көрсетілген екен.

Полицейлер айыпты болған жүргізушіні Қарасай аудандық ІІБ алып кетті. Ал автобус қосалқы жүргізушімен сапарын жалғастырды.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика