Жалаңаш суретімен танымал болған полицей жұмыстан қуылды

7 сентября 2017

Орал қаласының полицейі Ермек Каюпов өзінің желіде таралып кеткен жалаңаш суреттерінен кейін жұмыстан қуылды.  Ол суреті жарияланған кезде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. 

«Лауазымынан босатылды. Қазір резервте тұр», — деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, бұл полиция инспекторының суреті әлеуметтік желіде тамыз айының басында таралып кеткен еді. Әуелде ол жергілікті жезөкшелерді қорғаштап, сол үшін олардың «қызметін» тегін пайдаланып жүр делінген. Алайда кейін қыздың жезөкше емес, полицейдің танысы екендігі айтылған. 

Ал полиция қызметкері болса аталмыш іске байланысты жәбірленуші есебінде арыз жазған. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика