Зарқын Тайшыбай. Сәбит Мұқанов – Сталиннің қабылдауында (Жалғасы)

22 июня 2016

Сталин қабылдауындаБасы. Енді осы зерттеудің барысында, «Бір жоқты бір жоқ табады» дегендей, Сәкен Сейфуллиннің өмірбаянында кездеспеген тағы дерек туралы. Сәкен Сейфуллин 1925 жылдың 25 мамырында И. Сталиннің қабылдауында болған. Тіркеу тізіміне «пред. Совнаркома Киргизии» (Қазақ республикасы үкіметінің бұрынғы төрағасы) деп қағазға түскен. Өзі жазбаған соң, қандай мәселе жөнінде сөз болғанын айту қиын, сәуегейлік жасау абырой әпере өқоймайды, дегенмен Сәбит Мұқановтың: «Жуық арада (1960-жылдары.-З.Т.), Москвада…Марксизм-ленинизм институтынан, Сәкен Сейфуллиннің 1925 жылы ВКП(б) Орталық комитетіне, қазақ ұлтшылдарымен күресі туралы жазған ұзақ хаты табылды»,-деп куәлік етуі де Сәкеннің Мәскеуге барып, Сталинге жолыққанын бекіте түсетін тағы бір дәлел.(«Есею жылдары», 1977. 1425-бет).

1927 жылғы 11 мамырда Сталиннің алдында болған Әлихан Бөкейхан Центроиздаттың ғылыми қызметкері ретінде «баспасөз қызметкері» деп тіркелген және «өз шаруасымен» деп белгі қойылған. Бұл арада Әлекең Сталинге өзі сұранып барды ма, жоқ шақыртылды ма? деген сұрақ та ойлануға тұрарлық. Себебі, әлихантанушы Сұлтан Хан Ақұлұлы 03.01. 2011 .жариялаған жеделхат Қазақстанға осыдан 6 күн кейін, 17 майда жөнелтілген екен. Яғни, бұдан мынадай жорамал жасауға болады: Әлихан Бөкейханның Қазақстанға іссапармен бару мәселесі қозғалып, жұмыс орнында рұқсат берілмегеннен кейін, ол Сталиннің өзіне барып, жағдайды түсіндірмек болған. Содан кейін ғана Сталин тарапынан Қазақстанға сұрау салынған. Дәл осы арада «Сталин Әлекеңе жаулық ойлаған» деп, артық айтып, күнәлі болмайық. Жаулық ойласа, қабылдай ма? Керісінше, Әлекеңнің жеке басының ерекше қасиетін сыйлап, оның қазақ халқының санасындағы қымбат орнын бағалап, қабылдаған, пікірлескен. Жергілікті маңызы бар мәселені баса-көктеп шепей, Қазақстан басшыларына жеделхат мсоқтырып, сұрау салған. Әлбетте, онсыз да жік-жікке бөлініп, жетесіз шаруамен әуре болған ағаларымыздың арсын ушықтырмайын деп, Голощекин қарсылық танытқан. Ал, Сұлтан Хан жазғандай «Сталин Әлекеңе жаулық ойлап», қайтсем, көзін жоям десе, уақыт шығындап оны қабылдай ма, Қазақстанға хат жаздырып… әуре бола ма? Сондықтан, кейде әділдікке жүгінген артық болмайды.
Сталиннің жеке басы туралы ойдан ұйқастырып, күпірлік жасағаннан гөрі, жоғарыдағы және бұдан кейінгі нақты фактілерді салмақтап көрсек-ші.
Үшінші дерек, Ф. Голощекинмен сиыспай, Қазақстандағы басшылық қызметінен босап, Коммунистік академия жанындағы марксизм курсында оқып жүрген жұмыссыз Сұлтанбек Қожановтың Бас хатшының қабылдауында болуы. Обалы қанша, дәл осы жерден де, Сталиннің ірілігін көріп тұрмын. Замандастарының айтуынша, жиын-топтарда Сталин Сұлтанбекке «Ей, Шыңғысхан!» деп оның беттілігін, өткірлігін, арған бетінен қайта қоймайтын табандылығын есіне салып отырады екен. Мыны құжаттарды қарап отырғанда, Қожанов Сталиннің алдында бірнеше мәрте болып, республиканың мәселелерін шешкен. Дәлірек айтсақ, Сталин оны кемі 5 рет қабылдаған, ал Ф. Голощекинді бір-ақ рет, 1927 жылы қапбылдаған.
Ал, Сұлтанбекті 1927 жылғы 23 ақпанда қабылдағанда, «не мәселемен?» деген сұрақтың тұсында «Тов. Сталин знает» (Сталин жолдас біледі») деп белгі қойылуы да, Сұлтанбек Қожанов пен Сталиннің қалыптасқан ара қатынасын, яғни өзгелерден гөрі жақын таныстығын, тіпті сыйластық сенімін көрсетуге тиіс. Зерттеу барысында бұған да көз жеткізгендейміз. Мысалы, Герувайтис-Степуро К.В. деген адам келгенде «Тов. Сталин знает по Туруханской ссылке, по личному вопросу» деп жазылған. Уездік партия қызметкерлері курсында тыңдаушы Кирсанованы «бұрын келісілген», Николаеваның тұсына «быв. зав. Женотделм ЦК», Ленгник пен Седой-Литвин дегендердің тұсына «из общества старых большевиков» деген түсінік бар.
Смағұл Сәдуақасов 1928 жылғы 21 наурызда қабылдауға кіргенде «быв. Наркомпрос Каз. Респ.» деп тіркеліп, «В распоряжение Казкрайкома» деп қоса жазылыпты. Бұл да Смағұлдың бұрынғы наркомдығын емес, Сталин тарапынан (ол кезде талай сауатсыз нарком болған) өзінің алдында бірнеше рет болған алғыр қазақ жігітінің қадірін бағалағандық болар.
1926 жылғы 22 ақпанда Сталин Сейтқали Меңдешевті қабылдаған. Соның алдында Қазақ Орталық атқару комитетінің төрағасы болған Меңдешев тізімге «Қазақстан тұтынушылар кооперациясының төрағасы» деп тіркелген және ВКП(б) Орталық Комитетінің кадр бөлу бөлімінің резервінде екені көрсетілген. Қазақ автономиясының негізін қалап, алғашқы төрағасы болған жасамыс қайраткерге осындай құрмет көрсетілген.
Сәбит Мұқановпен әңгіме үстінде өзі мақтап, қолдау білдірген Әліби Жангелдинді Сталин бір жылдан кейін өз кабинетінде 1926 жылғы15 ақпанда қабылдап, тілдескенін көреміз. Есімізде болса, Сталин Әлекеңнің кісілігін, ұстамдылығын, тазалығын бағалап, әттең, білімі және басқарушылық алымы жетіспейтінін айтқан еді ғой. Міне, мемлекет мәселесін шешуге келмесе де, жеке басын сыйлап, Әліби Жангелдинді өз кабинетінде көруге көңіл бөліп, уақыт тапқан тағы Сталин.
Айтылғандарға түйін ретінде ескертейік. Сталиннің қабылдауына тілек білдіргендер әуелі хатшылық арқылы тізімге жазылады. Тізім қабылдаушының алдына келеді. Бұл тізімді Сталин өзі қарап шығады да, кімді қабылдайтынын, кімді қабылдамайтынын шешіп, тиісті белгі соғады. Қабылдау кезінде сөз болатын мәселелер жөнінде материал дайындау жөнінде хатшылық арқылы тиісті бөлімдерге тапсырма беріледі. Қабылданатындар тиісті тәртіппен жіктеледі. Алдымен жұмысшылар, одан кейін шаруалар, совет қызметкерлері, партия қызметкерлері, баспасөз қызметкерлері, кәсіподақ, жастар ұйымдарының өкілдері,…шетелдіктер деген сияқты. Бұлардың ретімен араласып келетінін, сан жағынан да сараланатынын байқадық. Демек, Сталиннің қабылдауында кім көрінгендер емес, кабинет иесінің назарына іліккендер ғана болғанын тағы еске саламыз.

* * *
Сол кезеңді зерттеушілер үшін керек болар деген оймен, «Сводки приема И.В. Сталиным посетителей за 1925-1928 гг.» деген тізімнен мына деректерді жазып алдық. Тізім 1952 жылға дейі қабылданғандармен толықтырылды. Орысша тіркеу тәртібі, тыныс белгілеріне дейін сақталды. (Кейбір түсініктер біздікі.-З.Т.)
Прием И.В. Сталиным советских работников за 1925 год.
32. Казыбагаров – член президиума облисполкома
35. Мурза-Галиев – председатель
51. Сейфуллин- б. председатель СНК Киргизии (Сакен Сейфуллин, бывший председатель КазАССР.-З.Т.) -25 мая.
52.Садвакасов, Новмаков (Смагул Садуакасов, Ныгмет Нурмаков-З.Т.)- члены Киргизского крайкома РКП, Наркомпрос и предсовнар. о положении в Киргизии -25 мая.
54. Алибеков, Каратисаув (Каратлеуов.-З.Т.)- Наркомзем и начальник землеустройства Киргизии — 25 мая.
76. Мирза-Галиев – председатель презид. ЦИК Казахстана, о разногласиях между членами комиссий по вопросу размежевания 28 сентября.
Прием И.В.Сталиным партийных работников за 1925 год.
4. Хаджанов – (Султанбек Ходжанов.-З.Т.) секретарь обкома Киргизии 26 января.
5. Нанейшвили -Секр. Кир. Обкома, по вопросам парт.работы- 29 января 1925 г.
7. Хаджанов, Нурманов, Садвакасов – (Ходжанов Султанбек, Нурмаков Ныгымет, Садуакасов Смагул.-З.Т.) члены бюро Киробкома, по вопросу Киргизии -2 февраля.
60. Ходжанов –член бюро Киробкома.
63. Нанейшвили – секретарь Киркрайкома 22 мая.
81. Садвакасов С. Член Казкрайкома, комиссия по размежеванию 28 сентября
90. Ходжанов – секретарь Кир. Крайкома 4 ноября.

Прием И.В. Сталиным работников печати за 1925 год

1. Досов и Луканов – (Досов Абилкаир и Муканов Сабит.-З.Т.) Киргизия, о киргизской печати 7 января.

Прием И.В. Сталиным советских работников за 1926 год
26. Нурмаков – пред. СНК Казахской республики.
28. Мунбаев Ж. (Мынбаев Жалау.-З.Т.) -Председатель ЦИК-а Казахской республики 21 апреля.
32. Садвакасов С. – Наркомпрос Казахской республики, по вопросам бюджета Наркомпроса 27 июння..
50. Асфендияров С.С. чл. През. ВЦИК, по вопросу частн. Совещания по вопросам представ. Нац. Республик.
51. Рыскулов – зампред. СНК РСФСР 29 декабря.
53. Досов Абель-Каир – представитель Казахской Республики, 29 декабря 1926 года.
54. Садвакасов А.С. (Описка, прав. Садвокасов С.-З.Т.) Нарком просвещения Казахской республики, по вопросам Казахстана, 29 декабря.
Прием И.В. Сталиным советских работников за 1927 год
12. Нурмаков Нигмет –СНК Казахской республики пред.СНК, по вопросам Казахской республики 26 января
15. Рыскулов –СНК РСФСР, зам.пред 2 февраля
16. Нурмаков Нигмет –СНК Казахской республики, пред.СНК, по вопросам Казахской республики 2 февраля.
Прием И.В. Сталиным партийных работников за 1927 год
2. Голощекин Ф.И. –секретарь Казкрайкома 26 января.
Прием И.В.Сталиным работников печати. 1927 год
4. Букейханов Ализан — Центроиздат, научный сотрудник, по личному вопросу, 11 мая.

Прием И.В.Сталиным представителей учебных заведений за 1927 год
3. Ходжанов Султан-Бек – курсы марксизма при Ком. Академии, слушатель, по личному «Сталин знает») 23 февраля.
Прием И.В. Сталиным советских работников за 1928 год
14. Нурмаков Н. -Председатель СНК Казахской республики, по вопросу Казахстана 30 марта.

Зарқын Тайшыбай, М. Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, фил. Ғыл. Кандидаты. ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері, Қазақстанның Құрметті журналисі.
17 маусым, 2016 жыл. Петропавл қаласы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика