Владимир Божко даулы пікірінен соң мәлімдеме жасады

20 сентября 2017

Әлеуметтік желіде мәжілістің вице-спикері Владимир Божконың «ауыл жастарын қалаға келтіруге шектеу қою» туралы айтқан сөзі дауға ұласты. Алайда Божконың өзі айтпақ болған сөзінің бұрмаланғанын жеткізіп отыр. 

«Тыйым салуға келетін болсақ, бұл барып тұрған цирк. Мен қалаға келуге шектеу қою керек демедім. Ауыл жастарына көшіп-қонуға кім шектеу қоя алады? Бұл олардың  конституциялық құқығы. Менің айтпағым, ауылды жерлерде жастарға қолдау көрсету, жақсы жұмыс ұсынып, оларды қалаға келуге итермелейтін себептерді жою болған. Егер ауылдың ахуалы жақсы болса, онда ешкім де туған жерінен кетуге мәжбүр болмас еді», — деді Божко журналистерге берген сұхбатында.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика