ҰСТАЗДАР АЙЛЫҒЫ АЗАЙМАЙДЫ

20 февраля 2017

ерлан сағадиевОсыдан біраз уақыт бұрын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қазақстандық ұстаздардың, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен тәрбиешілерінің айлығын көбейтуді сұраған болатын. Бұл сауалға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жауабын берді. Алайда айлықты өсірудің орнына, ұстаздардың жүктемесін азайтуды ұсынып отыр.

«Бірінші кезекте бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесін 18 сағаттан 14 сағатқа дейін, негізгі және жоғары сыныптарда оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа қысқартуды ойластырып отырмыз. Бұл мәселені директорлармен ақылдастық, олар мұны маңызды болар еді деп есептейді. Бұған жылына 88 миллиард теңге қажет. Бұл соманы Қаржы министрлігіне бердік, 2018 жылға Қаржы министрлігі қарастырады, бюджеттің шектеуі бар екенін білесіздер. Бір апта бұрын бюджетті қабылдадық, дауыс бердік, сондықтан елде қанша қаражаттың бар екенін және оның қайда жұмсалатынын білеміз», – дейді Сағадиев.

Ал вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, бұл ұсыныс жағдайында мұғалімдердің жалақысы сол қалпында сақталып, оқу жүктемесі азайту қарастырылғанын айтады.
«Жалақыны өсіру мәселесін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қаржы миинстрлігі әдісті біріктіру, сынып жетекшілігі мен басқалардың есебінен шешеді», – деді Асылова.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика